3 жасар бала Түркиядан Қазақстандағы туған анасына қайтарылды

Трехлетнюю девочку вернули в Казахстан из Турции
Фото: instagram.com/kopd_mp_rk

АСТАНА. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ҚР азаматы 3 жасар қыздың өз анасына оралғаны туралы хабарлады. Баланы Түркия Республикасының аумағында үшінші тұлғалар заңсыз ұстаған.

«Кішкентай қызымыздың аман-есен оралуы үшін орасан зор жұмыс атқарылды. Барлық құзыретті органдар осы процеске тартылып, дипломатиялық арналар арқылы тиісті хаттар жіберілді. Сондай-ақ, көптеген кездесулер мен келіссөздер жүргізілді. Бұл барлық қатысушы тараптардың үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында мүмкін болды. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын әрбір бала қорғаусыз қалмайды. Біз балалардың туған елінде қауіпсіз, әрі сүйіспеншілікке толы ортада өсіп-өркендеуі үшін бар күшімізді саламыз. Барша қатысушы тараптарға осы маңызды істегі қолдауы мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті халықаралық бала ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Конвенцияны іске асыру жөніндегі уәкілетті орган болып табылады. Комитет балалардың қауiпсiздiгi мен туған отбасыларына оралуын қамтамасыз ете отырып, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауда белсене атсалысып отыр. 

Соңғы жаңалықтар