30-ға тарта тұрғынның ақшасын қолды еткен түркістандық егде жастағы әйел сотталды

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 30-ға тарта тұрғынды алдаған алаяқ әйел бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.
None
None

Сәуір айының соңында Түркістан облысының полицейлері жұмысқа орналастырамын деп 30-ға жуық тұрғынды алдаған алаяқ әйелді ұстаған болатын. Егде жастағы азаматша ешқайда тіркелмеген мүгедек балаларды оңалту орталығына жұмысқа қабылдаймын деп алдап, әр адамнан 300 000-700 000 теңге аралығында ақшаларын алып кеткен болатын.

Осы жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша іс тіркеліп,сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілген еді.

Полицейлер жеткілікті дәлелдемелер негізінде кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалып, ҚР ҚПК 612-бабының (онша ауыр емес, ауырлығы орташа не ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда – кінәні мойындау туралы мәміле нысанында) талабына сай Мақтаарал аудандық сотына жолданған.

Мақтаарал аудандық сотының үкімімен күдікті әйелге қатысты 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуды ескертеді. Кез келген ұсынысты қабыл алмай, толық тексеріп алыңыз деп кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар