30 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform 30 қыркүйек күні ел аумағында өтетін басты оқиғалардың аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
10:00 – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жасанды интеллект саласындағы жетістіктерге арналған ENU AI Expo көрмесі өтеді. Іс-шара AI-Sana алаңында ұйымдастырылады.
11:00 – Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріне қатысты (ИСНА, Кеден және SDF) тақырыпта баспасөз мәслихаты өтеді. Өтетін орны: Жеңіс даңғылы, 11.
11:00 – Астана қаласы бойынша азаматтық істер жөніндегі мамамандандырылған сотта Нұршат Ақбергенованың Әселина Батырбековаға қатысты талап арызы бойынша алдын ала сот отырысы өтеді.
15:00 – ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитеті жануарлар дүниесін қорғау, көбейту және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өткізеді.
15:00 – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында «Қазақстанның ішкі туризмі: өңірлік басымдықтар, кадрлық әлеует және заңнамалық аспектілер» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Іс-шараны «Respublica» партиясы, Президенттік орталық және Парламентаризм институты ұйымдастырады.
15:00 – ҚР Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен көрнекті ғалым, антрополог, қоғам қайраткері, академик Оразақ Смағұловтың 95 жылдығына арналған «ҒАСЫР. ТҰЛҒА. ҒЫЛЫМ» атты көрме мен дөңгелек үстел өтеді.
15:00 – «Заң және тәртіп» атты фотокөрме өтеді. Өтетін орны: Қабанбай батыр даңғылы, 62, MEGA Silk Way СОО.
15:00 – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.Г. Арсютин, А.А. Баққожаев және А.Т. Зейнуллин университет студенттері және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесу өткізеді. Өтетін орны: «Интернациональный» ш/а, ҚазАТЗУ ғимараты.
АЛМАТЫ
21:45 – Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында «Қайрат» және «Реал Мадрид» футбол клубтары арасында матч өтеді.