30 қыркүйек. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР
137 жыл бұрын (1884-1940) Алаш қозғалысының қайраткері Ыбырайым ЖАЙНАҚОВ дүниеге келді.
Жетісу облысы Верный уезінде туған. Верный ерлер гимназиясын бітірген. Жетісу облысы басқармасында тілмаштық қызмет атқарған. 1911 жылы 21 қазанда Жайнақовтың бастамасымен Жетісу облысының болыстары және құрметті ақсақалдарының кеңесі өтіп, онда облыс әкімшілік пен қоныстандыру басқармаларының іс-әрекеттері жөнінде және саяси іздестіру бөлімдерінің облыстағы көшпелі халықтың ісіне араласпауы туралы Ресей империясының астанасы Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік дума мүшелеріне өтініш айтып, өкілдер жіберу мәселесі шешілді. Нәтижесінде көрнекті қазақ зиялыларының бірі Барлыбек Сыртанов Санкт-Петербургке барып, Мемлекеттік думаның Мұсылман фракциясы мүшелеріне Жетісудағы жергілікті халықтың өтініш-тілектерін білдіріп қайтты. Жайнақов Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің даярлануына және өтуіне ат салысты. Ол Ресей патшасының 1916 жылғы 25 маусым жарлығына байланысты шиеленіс туындаған жағдайда халықтың көтеріліске шықпауын жақтады. 1916 жылы 14 шілдеде Верный қаласында Үлкен Алматы болыстығына қарасты жергілікті халық өкілдерінің мәжілісін ұйымдастырушылардың бірі ретінде халықтың көтеріліске шығып босқа қырылмауын, мәселенің бейбіт түрде шешілуін халыққа түсіндірді. Жайнақов 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін елдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге белсене араласты. Жетісу облысы қазақ комитетінің төрағасы болып сайланды. 12-23 сәуірде 81 делегат қатысқан Жетісу облысы қазақ І съезін даярлап өткізуге көп еңбек сіңірді, съезге төрағалық етті. 1917 жылы 19 шілдеде Уақытша үкіметтің Жетісу облыстық комиссарының орынбасары болып тағайындалды. 1917 жылғы І, ІІ жалпықазақ съездерінің жұмысына белсене араласты. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына Жетісу облысынан депутаттыққа ұсынылды. 1917 жылы шілде, тамыз айларында Ә. Бөкейханов, М. Шоқаев, Ж. Досмұхамедов, Х. Досмұхамедовтермен бірге Жайнақов Челябі қаласында өткен Сібір үкіметі мен Құрылтай жиналысының мүшелері комитетінің мәжілісіне қатысты. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысынан кейін босқыншылыққа ұшырап, Қытайға ауған Жетісудың жергілікті қазақ және қырғыз халықтарын Отанына қайтару, оларға көмек көрсету, ашаршылыққа тап болған Жетісудың жергілікті халықтарын азық-түлікпен қамтамасыз ету, қоныс аударушылар мен жергілікті халықтың арақатынасын реттеу ісіне қазақ және қырғыз зиялыларымен бірге ат салысты. 1918 жылы 10-31 тамыз аралығында Лепсі қаласында өткен Жетісу облысы қазақтарының ІІ съезіне төрағалық етті, съезге жиналғандарға қазақ және қырғыз тілдерінде облыстық газет шығаруды ұсынды. Большевиктер билік басына келіп, елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты Жайнақов Жетісудағы Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерімен бірге Қытайға қоныс аударып, сол жақтан большевиктерге қарсы қарулы қарсылық ұйымдастыру әрекеттерін қолдады.
Көкшетау облысының Көкшетау ауданындағы Жылымды ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін аудандық «Колхоз жолы» газетінде жауапты хатшы болып қызмет атқарды. 1957 жылы Қарағанды педагогика институтын бітіріп, сегіз жылдық мектепте бір жылдай ұстаздық еткен. 1958 жылы Көкшетау облыстық газетінің редакциясына қызметке ауысқан ол содан бері баспасөз саласында үзбей еңбек етіп келеді. Республикалық саяси сықақ журналы «Ара»-«Шмель» редакциясында фельетоншы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінде бірқатар жыл редактордың орынбасары, бірінші орынбасары, он жеті жыл бойы «Егемен Қазақстан» газеті редакторының орынбасары, «Халық кеңесі» газетінің бас редакторы, «Ақиқат» журналының бас редакторы болып қызмет еткен. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өлеңмен бастаған ол әдебиеттің әр саласына атсалысып келеді. Ш. Уәлиханов атындағы университеттің Құрметті профессоры. Оның аударуында Сетон Томпсон мен М. Шолоховтың әңгімелері, В.А. Обручевтің «Жұмбақ жер», Н.И. Ановтың «Ән қанаты», А. Джапар Заденің «Отаныңа орал», А. Камюдің «Оба» және «Бөгде», Булгаковтың «Ақ гвардия» және «Майталман шебер мен Маргарита» романдары мен Р. Фраерманның «Түз тағысы Динго» повесі, Мамин-Сибиряктың әңгімелер мен повестер жинағы, т.б. жеке-жеке кітап болып шықты.
Екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен, екі мәрте Қазақ КСР Құрмет грамотасымен марапатталған. Бірнеше мәрте Қазақстан Журналистер одағы сыйлығына ие болған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Парасат» орденінің және «Баспасөз үздігі» атағының иегері.
Ақмола облысында туған. 1982 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын автомобиль және автомобиль өнеркәсібі мамандығы бойынша бітірген. 1985-1986 жылдары КСРО Ішкі істер министрлігінің Саратов қаласындағы БХСС жедел қызметкерлерін даярлау бойынша жоғары курсының студенті болды.
Еңбек жолы: 1982-1984 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарында офицер болып қызмет етті. Украинаның Тернополь облысы, Кременец қаласында орналасқан 93260 әскери бөлімінде техникалық батарея командирінің орынбасары болып қызмет атқарған. 1985 жылы – Қорғалжын аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы. 1986-1992 жылдары Целиноград облысында ішкі істер басқармасында жедел қызметтерде болды. 1992-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ГУБОПиК Ақмола облысы бойынша ішкі істер бөлімінің аға тергеушісі. 1994-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жедел және басқарушылық қызметінде болған. 2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Арыстан қызметінің бастығы. 2013-2019 жылдары – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК АҚ күзет қызметінің бастығы. 2019-2020 жылдары – «Uran KZ» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
2021 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі қызметінде.
1992 жылы Томск мемлекеттік медициналық университетінің әскери-медицина факультетін бітірді. 1986-1988 жылдары аралығы КСРО-ның Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеді. 1993-1997 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің фармакология кафедрасының ассистенті, ал 1997-1998 жылдары сол кафедраның аға оқытушысы қызметін атқарды. 1999 жылы фармакология, клиникалық фармакология мамандығы бойынша докторлықты қорғады. 2006 жылы профессор атағын алды. 2006-2009 жылдары Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының ұйымдастырушылық-экономикалық жұмыстар бойынша және клиникалық қызмет бойынша проректор, сондай-ақ клиникалық фармакология кафедрасының профессоры қызметінде болды. 2009 жылдан – Денсаулық сақтауды дамыту институты директорының орынбасары, 2010-2011 жылдары Ұлттық медицина холдингінің басқарушы директоры болды. 2011 жылдан Трансляциялық медицина, ұзақ өмір сүру және жаhандық денсаулық сақтау департаменті директоры, ал 2015 жылдан Назарбаев Университетінің эксперименттік және клиникалық фармакология институтының басшысы және Өмір туралы ғылымдар орталығының директоры қызметтерін атқарды.
Қазіргі қызметінде – 2017 жылдың шілдесінен.
Ол «Әділет» Жоғары құқық мектебін және магистратураны құқықтану мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ Амстердам университетінің Құқық мектебін тәмамдаған.
Қызмет жолын «Филип Моррис Казахстан» ААҚ-да құқықтық мәселелер бойынша маман болып бастаған. 2007-2008 жылдары «Caspian Gas Corp.» компаниясында құқықтық мәселелер бойынша вице-президент, 2010 жылдан бастап «G-media» АҚ-да, «Alem Communications Holding» ЖШС телекоммуникация холдингінде басшылық қызметтерде болған, 2011-2014 жылдары бірінші басшы лауазымында қызмет еткен. 2014-2016 жылдары «ЭРА» Телекомпаниясы» ЖШС – «Жетінші арна» телеарнасының бас директоры қызметін атқарған.
Қазіргі қызметінде – 2016 жылғы сәуірден бері.
Семейде туған. 2002 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітіріп, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолы: 2002-2005 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің бас маманы; 2002-2006 жылдары – «Жарма ауданы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-де сектор меңгерушісі; 2006-2009 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы; 2009 жылы – «Экономика және бюджеттік жоспарлау» ММ бастығының орынбасары, ШҚО Жарма ауданы әкімінің көмекшісі; 2010-2011 жылдары – «Жарма ауданы Қаржы бөлімі» ММ бастығы; 2011-2013 жылдары – ШҚО Жарма ауданы әкімінің орынбасары; 2013-2014 жылдары – «Өскемен қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау» ММ жетекшісі; 2014-2017 жылдары – ШҚО Өскемен қаласы әкімінің орынбасары; 2017-2018 жалдары – «Сәтпаев тау-кен байыту комбинаты» ЖШС бас экономисті; 2017-2020 жалдары – «Өскемен қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ жетекшісі.
2020 жылдың маусымынан бастап қазіргі қызметінде.