30 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
30 мамыр, ЖҰМА
Түрікмен кілемінің күні. Мамырдың соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Ол 1992 жылдан бастап мемлекеттік мереке болды және Ашхабадта орналасқан әлемдегі бірінші түрікмен кілемінің мұражайында өткізіледі.
Химик күні. Бұл осы мамандық бойынша студенттерді, аспиранттарды, оқытушыларды және барлық түлектерді біріктіретін халықаралық мереке.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
41 9 жыл бұрын (1595) Тәуекел хан В.Степанов бастаған орыс елшілігін қабылдады.
6 1 жыл бұрын (1953) «Дудар-ай» операсы алғаш рет Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылды. Либреттосын А.Хангелдин, музыкасын Е.Брусиловский жазған, режисері - Қ.Байсейітов. Орыс қызы Мариям мен қазақ жігіті Думан арасындағы нәзік махаббат сезімі «Дудар-ай» әні арқылы беріледі. Композитор қазақ, орыс ән-күйлерінің ырғақтары мен интонацияларын кеңінен пайдалана отырып, екі халыққа түсінікті, ортақ музыкалық тілді табуға талпыныс жасаған. Лейтомотив ретінде қолданған «Дудар-ай», «О, сен кең дала», «Эх ты доля» әндерінің төңірегінде өрбіген әуез, саздар шығарманың өн бойына көрік беріп тұр. Операның премьерасында Думан партиясын Ә.Үмбетбаев, Мария партиясын Э.Епонешникова орындаған.
1 7 жыл бұрын (1997) Алматыда Әлібек Дінішев театры ашылды.
1 1 жыл бұрын (2003) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербор қаласында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішін ашты. Бұл ескерткіш - Қазақстан халқының Петерборға жасаған сыйы.
8 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында «Хасен Өзденбаев: азамат, аудармашы, журналист. Естеліктер жинағы» кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Белгілі аудармашы, журналист Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Хасен Өзденбаев 1937-1938 жылдардағы сталиндік зобалаңды басынан өткерген. Естеліктер жинағына мұрағатқа қабылданған қолжазба мен қазақтың аяулы ұлдары С.Мәуленовтің, Ғ.Қайырбековтің әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен замандас інілері - белгілі абайтанушы ғалым Ж.Ысмағұлов пен С. Әсіпұлының естеліктері енгізілген.
8 жыл бұрын (2006) Астанадағы Пушкин көшесіндегі 91-үйге, осында 1998-2004 жылдар аралығында тұрған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовты мәңгі еске қалдыру мақсатында ескерткіш тақта орнатылды.
7 жыл бұрын (2007) Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы орталығындағы Тәуелсіздік саябағында сталиндік зобалаңнан зардап шеккен және құрбан болған жандарға арналған ескерткіш тақта ашылды.
Тарихтың сол бір ақтаңдақ жылдары ауданнан 36 адам «халық жауы» атанып, олардың 22-сі өлім жазасына кесілген.
5 жыл бұрын (2009) республикада отандық бизнеске көмек ретінде «Қазақстандық мөлшер» ақпараттық интернет-порталы іске қосылды.
5 жыл бұрын (2009) Алматыдағы Республика алаңында қымыздың 6000 жылдық тарихына арналған алғашқы «Қымызмұрындық» фестивалі болып өтті.
5 жыл бұрын (2009) Бішкекте өткен Маргарет Мид атындағы ІІ деректі фильмдер фестивалінде қазақстандық кинотанушы Гүлнәр Әбікееваның «Ұлттық сана сезімнің құрылуының екі дәуірі» атты жинағының тұсаукесер рәсімі болып өтті.
Гүлнәр Әбікееваның жинақты ұсыну мақсаты сирек кездесетін деректі ленталарды сақтап қалу және қайта өңдеу, Орталық Азияның барлық аумақтарындағы мұраларды насихаттау болып табылады.
4 8 жыл бұрын (1966) американдық «Сервейер-1» автоматты ғаламшараралық станса Айға ұшты. Ол 6 аптаның ішінде Жерге 11237 телевизиялық суреттер мен техникалық ақпараттар жіберді.
4 3 жыл бұрын (1971) ең алғашқы жасанды американдық спутник «Маринер-9» автоматты ғаламшараралық станса Марсқа ұшты.
ЕСІМДЕР
10 6 жыл бұрын (1908-1997) музыкатанушы, композитор, Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері, өнертану докторы, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі ЕРЗАКОВИЧ Борис Гиршевич дүниеге келді.
Астана қаласында туған. Омбы музыка техникумының фортопьяно класын, Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1931-1938 жылдары - Қазақ радиосының музыка редакторы. 1938-1943 жылдары - Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы Өнер істері басқармасы музыка бөлімінің меңгерушісі. 1945-1958 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы өнертану секторының меңгерушісі. 1950-1961 және 1968-1986 жылдары Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі болған. Ерзакович - қазақ музыка өнерінің тарихы туралы іргелі еңбектердің авторы. Ол 20-дан астам монографиялар мен кітапшалар, 200-дей мақалалар мен очерктер, Абайдың және халықтық кәсіби әнші-композиторлар: Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, т.б. шығармашылығын қамтитын 12 музыкалық-этнографиялық жинақтар жазған. Кәсіби музыка жанрларын дамытуға үлес қосып, варияциалар, фортопьяналық пьесалар симфониялық поэмалар, сонаталар, увертюралар мен ән, романстар, хорлар жазды. 200-ге жуық халық әндерін түрлі оркестр, ансамбльдерге лайықтап нотаға түсірді. «Амангелді», «Мылтықты адам», «Абай», «Алма бағында», «Шоқан Уәлиханов» сияқты спектакльдерге музыка жазды.
«Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
8 1 жыл бұрын (1933) техника ғылымының докторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты АЙТҚОЖИН Эмиль Сабырұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1959-1997 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Ядролық физика институтының, Физика-техника институтының инженері, кіші және аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болған. 1997 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының бас ғылыми қызметкері. Негізгі ғылыми зерттеулері радиациялық физика мен радиациялық материалтану саласына арналған. Оның басқаруымен ВВР-К атом реакторында металдардың сырғуын сынауға арналған тәжірбиелік база құрылып, құралымдық қорытпалар мен таза металдардың сырғымалылығы зерттелген. Сондай-ақ таза металдардың (уран, мыс, алюминий) радиациялық сырғу құрылысының негізгі заңдылықтарын ашқан. Айтқожиннің еңбектері көптеген Халықаралық конференцияларда тыңдалып, жоғары бағаланған.
6 8 жыл бұрын (1946) Сейсмология институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі АБАҚАНОВ Таңатқан Досқараұлы дүниеге келді.
Қостанай облысында туған. Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті) бітірген. Жобалау институтында инженер, аға инженер, топ басшысы болып қызмет атқарған. 1978-1980 жылдары - Қазақ өндірістік құрылыс ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері. 1980-1982 жылдары - ОртаАзиялық дәнді дақылдар өндірісі ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі, сектор меңгерушісі болған. 1986 жылдан - Сейсмология институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді.
130-ға жуық ғылыми жұмыстың авторы.
6 3 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Педагогика ғылымдары академиясының президенті, педагогика ғылымының докторы, профессор, Қазақстандағы салыстырмалы педагогика және оқулық сапасы мониторингі бағытының негізін салушы, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының, Қазақ білім беру академиясының, Әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі ҚҰСАЙЫНОВ Асқарбек Қабыкенұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында туған. Қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Алматы энергетика институтының және Герман Демократиялық Республикасы Ильменау қаласындағы Жоғары техникалық мектептің аспирантураларын бітірген. 1991-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігі бас басқармасы бастығының орынбасары, департамент директоры, басқарма бастығы. 1997-1998 жылдары - Қазақ энциклопедиясы бас редакторының бірінші орынбасары. 1998 жылы - «Білім» баспасының директоры. 1998-2000 жылдары - «Рауан» баспасының директоры. 2000-2001 жылдары - «Мектеп» баспасы» ААҚ президенті. 2001-2003 жылдары - Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясының президенті. 2003 жылдың желтоқсанынан - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. Қазіргі қызметінде 2004 жылдың сәуірінен бастап қызмет атқарып келеді.
20 монографияның, 11 оқулық пен оқу құралдарының, 5 кітаптың, 6 Мемлекеттік стандарттың, 11 түсіндірмелі және терминологиялық сөздіктің, 150-ге жуық ғылыми мақаланың және жарияланым көрген 140 мақаланың авторы. Ол салыстырмалы педагогика мәселелерін, оқулық жасау теориясын зерттеп, осы салада оқулықтар мен монографиялық еңбектерін жариялаған. Оның ғылыми жетекшілігімен шетелдердің білім беру жүйелері зерттеліп, Қазақстанның білім беру саласын реформалау мен дамытудың жаңа үлгісі ұсынылған. Сонымен қатар ол 31 томдық қазақша-орысша, орысша-қазақша ғылыми салалық терминология сөздіктерін және қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздіктер сериясын шығаруға басшылық жасаған.
«Ерен еңбегі үшiн», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігінің «Ғылым дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған. Қазақстан ғалымдары арасында алғаш болып педагогика ғылымы аясында Ресей Үкіметінің Константин Ушинский атындағы медалімен марапатталған.
5 9 жыл бұрын (1955) ҚР Парламенті Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі МАКОВСКИЙ Анатолий Павлович дүниеге келді.
1955 жылы Көкшетау облысында туған. Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін колхоздың төрағасы, Көкшетау ауылшаруашылық институтының оқу - тәжірибелік шарауашылығының директоры қызметтерін атқарған. 1994-1996 жылдары Көкшетау облысы Ленинград ауданы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 1996-1997 жылдары - Көкшетау облысы Ленинград ауданының әкімі. 1996-1997 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Ауылшарауашылығы департаментінің бастығы. 1997-1998 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің міндеттерін атқарушы. 1998-2012 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі. 2012 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық - демократиялық патия фракциясы төралқасының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Аймақтық саясат және маслихаттармен жұмыс істеу кеңесінің мүшесі. «Құрмет» орденімен, «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парлментіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
4 2 жыл бұрын (1972) Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі АСАНОВА Раушан Есенқызы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1994-2008 жылдары - мемлеғкеттік қызметте әртүрлі лауазымдар атқарды. 2008-2012 жылдары - Алматы қаласы Түркісіб ауданы әкімінің орынбасары. 2012-2013 жылғы ақпан - Алматы қаласы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы ақпаннан бері. «ҚР Конституциясына 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.
3 5 жыл бұрын (1979) Қазазақстанның ең жас заманауи дирижерлерінің бірі, А.Педротти, Ловро фон Матачич, Н.Малько атындағы конкурстардың лауреаты БӨРІБАЕВ Алан Асқарұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. К.Байсейітова атындағы музыка колледжін, Вена музыка және сахна өнері университетін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.1999 жылы Загребтегі Ловро фон Матачич атындағы дирижерлер конкурсында жеңімпаз атанды. 2003-2007 жылдары - Астана симфониялық оркестрінің бас дирижері. 2004-2007 жылдары - Майнингеннің музыкалық бас директоры. Қазіргі кезде Германияда тұрады, бірқатар оркестрлерге басшылық етеді. 2007 жылдан Норчепинг симфониялық оркестрін, 2008 жылдан - нидерландтық Брабанта оркестрін басқарады.
79 4 жыл бұрын (1220-1263) Владимирдің ұлы князы Александр НЕВСКИЙ дүниеге келді.
16 8 жыл бұрын (1846-1920) ресейлік зергер, зергерлік өнер шеберлерінің отбасылық фирмасының және әулетінің негізін қалаушы Карл ФАБЕРЖЕ дүниеге келді.
7 7 жыл бұрын (1937-1999) кеңестік театр және кино актері, РСФСР халық әртісі ДЕМЬЯНЕНКО Александр Сергеевич дүниеге келді.
6 3 жыл бұрын (1951) парагвай саяси және шіркеу қайраткері, Парагвай президенті Фернандо Арминдо Луго МЕНДЕС дүниеге келді.
40 жыл бұрын (1974) мадагаскар мемлекет және саяси қайраткері Андри Нирина РАДЗУЭЛИНА дүниеге келді.
107 жыл бұрын (1907-2008) бүкіл әлемге белгілі француз топографы Жермена ТИЛЬОН дүниеге келді.