15:23, 06 Мамыр 2020 | GMT +5
30 млн теңгеден астам қаржы жымқырған кәсіпорын басшысы сотталды - Ақтөбе облысы
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында 30 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған кәсіпорын басшысы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша
Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісінің жолын кесті.
Облыстағы бір кәсіпорынның басшысы «Ақтөбе облысы Байғанин ауданында сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге жұмсалуы тиіс 30 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иеленіп алған.
Байғанин аудандық сотының үкіміне сәйкес кәсіпорын басшысы ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімі (аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, оған 6 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.