300 мыңға жуық азамат банкроттыққа өтінім бере алады

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде 300 мыңға жуық азамат банкроттық процедурасына өтінім бере алады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.

Банкроттыққа өтінім бергендердің 80%-ы талапқа сай келмеген – Заңға түзету енгізіледі
Фото: ortcom.kz

- Бүгінге дейін 51 мыңнан астам жеке тұлға, азаматтарымыз банкроттық процедурасын қолданды және 188 млрд теңге қарызы есептен шығарылды. Енді қабылданған шаралардың нәтижесінде шамамен 300 мың Қазақстан азаматты банкроттық процедурасын қолдана алады. Бірақ, бұл шара ерікті түрде жүзеге асырылады. Біз автоматты түрде барлық тұлғаны банкрот деп тани алмаймыз. Азамат өтінім берген жағдайда ғана скоринг сараптама жүргіземіз, - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қаржы министрлігіне адамды банкрот деп тануға қажет құжаттардың санын барынша азайтып, азаматтарға қарыз мәселелерін жедел шешуге кең мүмкіндік беру жөнінде ұсынымдар енгізген еді. Осы ұсынымдардың негізінде Қаржы министрлігі соттан тыс банкроттық рәсімін айтарлықтай жеңілдетті.

Соңғы жаңалықтар