300 млн теңге: Шымкент тұрғындары алмаған тауары үшін несие төлеуге мәжбүр болған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте алаяқтықпен айналысып жүрген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Полиция департаментінің қызметкерлері 250-ден астам азаматты алдады деген күдікпен 5 тұрғынның қолына кісен салды.

Оның барлығы Түркістан облысының жергілікті тұрғындары болып шықты. Жалпы 300 миллионнан теңгеден астам шығын келген.

«Қылмыстық топ белгіленген схема бойынша жұмыс істеген. Олар жергілікті азаматтардың сеніміне кіріп, ірі сауда үйлері арқылы қайтарымсыз қаржы шығарып беруге уәде еткен. Сол арқылы, олардың жеке мәліметтері мен қолтаңбасын иеленген және олардың атынан мүліктік несие алған. Нәтижесінде тұрғындар алмаған тауарлары үшін несие төлеуге мәжбүр болған» - делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар