300 мың теңге пара алды деген күдікпен полиция полковнигі ұсталды - Қызылорда
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері жүргізген жасырын тергеу әрекеттері нәтижесінде Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің Арал аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы міндетін атқарушы полиция полковнигі азаматқа қатысты қылмыстық істі қысқарту үшін соңғыдан пара ретінде 300 мың теңге ақша қаражатын алу күдігімен қолға түскен.
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
16 шілдеде Арал аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы міндетін атқарушы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.