30,6 млн теңге - Медсақтандыру қоры басшыларына қомақты сыйақы берілген
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өзінің ресми сайтында 2022 жылғы қызметі туралы жылдық есеп жариялаған. Ондағы деректерге сай, 2022 жылы басқарманың әр мүшесіне 18,8 млн теңге көлемінде сыйақы берілген, деп хабарлайды Кazinform.

Мәліметке сай, 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қордың негізгі басқару персоналы жалпы саны 5 адамнан тұратын басқарма мүшелерінен тұрған. Сондай-ақ, 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша да басқарма мүшелерінің саны 5 адам болған.
"Кірістер мен шығыстар туралы есепте әкімшілік шығыстар құрамына енгізілген негізгі басқарушы персонал сыйақысының жалпы сомасы 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін 93,806 мың теңгені құрады (2021 ж.: 152,922 мың теңге)" делінген хабарламада.
Яғни, 2021 жылы басқарманың бес мүшесінің әрбірі 30,6 млн, 2022 жылы 18,8 млн теңге көлемінде сыйақы алған.
Айта кету керек, негізгі басқару персоналының сыйақысы, қордың ішкі ережелеріне сәйкес, жалақыны, ақылы демалыстарды және өзге де төлемдерді қоса алғанда, барлық төлемдерді қамтиды.