31 қаңтарда елдегі қай жолдар жабық, қайсысы ашық

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

метель, боран, снег, закрыта дорога, автомобиль, көлік, қар, жол жабық
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

2026 жылғы 31 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көлік қозғалысы шектелді

Жетісу облысы

• «Үшарал – Достық» автожолының 84-164-шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық станциясы).

Ақтөбе облысы

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776–1240 км аралығы ( «EKO oil» жанармай құю бекеті – Қызылорда облысының шекарасы).

Қызылорда облысы

• осы бағыттағы автожолдың 1240-1362-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы).

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.

Еске салайық, синоптиктер 31 қаңтарда Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Соңғы жаңалықтар