31 қазан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 31 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
70 жыл бұрын (1954) Қазаұстан Республикасы Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Бейсенғазыұлы МАТАЕВ дүниеге келді.
РСФСР-дің Алтай өлкесі Новогригорьевск ауданы Лебяжье селосында туған. 1980 жылы Қазақ мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолы: 1980-1982 жылдары ТАСС - КазТАГ-тың Торғай облысы, ал 1982-1986 жылдары Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі болып жұмыс істеді. 1986-1989 жылдары облыстық «Индустриалды Қарағанды» газеті бас редакторының орынбасары, 1989-1991 жылдары «Известия» газетінің Қазақ КСР-і бойынша меншікті тілшісі, 1991-1993 жылдары ҚР Президентінің баспасөз хатшысы, ал 1993-1994 жылдары - ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарған. 1994-1996 жылдары қайтадан «Известия» газетінің ҚР бойынша меншікті тілшісі, 1996 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ұлттық баспасөз клубының президенті, ал 2001 жылы Қазақстан Журналистер Одағының басқарма төрағасы болып, 2006 жылы екінші мерзімге қайта сайланды.
Қазақстан Журналистер Одағы – Республикалық журналистер Конгресінің құрылтайшысы, сондай-ақ ТМД Журналистер ұйымдары Конфедерациясының және Қазақстан шығармашылық Одақтары Конфедерациясының құрылтайшысы.
Ол сонымен қатар Қазақстан Президенті жанындағы БАҚ жөніндегі қоғамдық кеңестің, журналистік сыйлықтар мен Мемлекет басшысының гранттарын беретін комиссияның мүшесі.
С.Б. Матаев – КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика Академиясының толық мүшесі, ТДМ журналистер ұйымдары Конфедерациясының вице-президенті.
54 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Алмасадам Майданұлы СӘТҚАЛИЕВ дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдаған, (механик). 2013 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын, (экономика магистрі), 2015 жылы Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебін (Басқарушы кадрлар үшін іскерлік әкімшілендіру магистрі), 2016 жылы Стэнфорд Университеті, Жоғары бизнес мектебін (Басқарушы кадрлар бағдарламасы) бітірді. Экономика ғылымының кандидаты.
Еңбек жолы: 1992-1997 жылдары «ТаССаТ» ЖШС директоры, 1997-2001 жылдары «Қазтрансойл» ЖАҚ Жобаларды басқару департаментінің бастығы, 2001-2006 жылдары «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті, 2006-2007 жылдары «Самұрық» АҚ электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры болып қызмет атқарған. 2007 жылы ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің вице-министрі, 2007-2011 жылдары «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы, 2011-2012 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры, 2012-2018 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы, 2018 жылы «KAZENERGY» ЗТБ төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 2018-2021 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметінде. 2021-2023 жылдары АҚ «Самұрық-Қазына» басқармасының төрағасы лауазымын атқарған.
2023 жылғы 4 сәуірден бастап ҚР Президентінің Жарлығымен Энергетика министрі болып тағайындалды.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Kazenergy қауымдастығына 10 жыл» медальдарымен марапатталған. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.
53 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мәлік Кеңесбайұлы МЫРЗАЛИН дүниеге келген.
Ақтөбе қаласында туған. 1996 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, 2000 жылы РФ Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында аға дипломаттарға арналған халықаралық курстарын, 2006 жылы АҚШ-тағы Йель университетінің басқару мектебін (халықаралық қатынастар бойынша маман) бітірді.
Еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Орталық және жергiлiктi органдарда жұмыс iстеу тәжiрибесi бар. 1995-2004 жылдары ҚР СIМ жүйесiнде iстеген. 2004-2006 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы болды. 2006-2007 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары, 2007-2008 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары лауазымдарын атқарды. 2008-2009 жылдары «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2010 жылы «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ президентiнiң кеңесшiсi болып iстедi. 2010-2011 жылдары ҚР Президентi Iс басқармасы аппаратының басшысы лауазымын атқарды. 2011-2013 жылдары ҚР Дiн iстерi агенттiгiнiң жауапты хатшысы болды. 2013-2017 жылдары ҚР Президентi Iс басқарушысының орынбасары, кейiн 2017 жылғы қаңтарда ҚР Президентi Iс басқарушысының бiрiншi орынбасары лауазымын атқарған. 2017-2019 жылдары Ақмола облысының әкiмi болған. 2019-2022 жылдары ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінде.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Құрмет» орденiмен, «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен наградталған. ҚР құрметті спорт қайраткері.
43 жыл бұрын(1981) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ әуе компаниясының бас директоры Алпамыс Әмірғалиұлы КАМАЛОВ дүниеге келді.
Орал қаласында туған. Азаматтық авиация академиясын «Әуе көлігін пайдалану» мамандығы бойынша, Орал қаласындағы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, Саратов қаласындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бойынша магистратураны бітірген. Ұлыбританияның Рудлоу қаласында «Ағылшын тілі және АТС фразеология» мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан өтті, «Әдеттен тыс төтенше жағдайлардағы диспетчерлердің іс-әрекеттері» сертификатына ие, Чех Республикасы.
Еңбек жолын Атырау қаласының «Қазаэронавигация» РМК филиалында инженер-диспетчер лауазымында бастады. Әр жылдары әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Қазіргі қызметін 2024 жылғы қыркүйектен бері атқарып келеді.
40 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі Нұрдәулет Төлеұлы ТӨЛЕЕВ дүниеге келді.
Қазақ гуманитарлық заң университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Заңгер.
Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы «ТопЮрАудит КазГЮУ» ЖШС-де юрисконсульт болып бастады. 2005-2007 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты, одан кейін ҚР Заңнама институтының ғылыми қызметкері, ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты қызметтерін атқарды. 2008 жылдың қарашасынан бастап ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеп келеді: Әкімшілік басшысының хатшылығында консультант, ҚР Президенті Кеңсесінің инспекторы, сектор меңгерушісі болды.
2019 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2016) және 4 мерекелік медальмен марапатталған.
28 жыл бұрын (1996) қазақстандық шахматшы, әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер, 14, 17, 18 және 20 жасқа дейінгі жалғыз төрт дүркін әлем чемпионы Динара Рамазанқызы СӘДУАҚАСОВА дүниеге келді.
Ақмола қаласында туған. Шахмат ойнауды бес жасынан үйренген. 2012 жылы 16 жасында Қазақстанның әйелдер арасындағы ең жас гроссмейстері атанған.
Халықаралық гроссмейстер әл-Аинде (БАӘ) өткен Азияның шахмат саммитінде 2017 жылғы ең үздік шахматшы танылды. Asian Chess Excellence Awards сыйлығын иеленді. Қыздар арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы. Ол – ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ерікті елшісі болып сайланған тұңғыш қазақ қызы.
Динара жыл сайын шахматтың қыр-сырын үйрету, жастарды кәсіби шыңдау мақсатында «Гроссмейстер Динара Сәдуақасова кубогы» атты шахмат турнирін өткізіп тұрады. 2014 жылы «Шахматтың алғашқы қадамдары» атты кітабын стипендиясына шығарған. Осы кітаппен 2016 жылдан бері қазақстандық оқушылар шахмат үйренеді.
«Құрмет» орденінің иегері (2006). «Үміт» қоғамдық орденімен (2017), «Дарын» мемлекеттік сыйлығымен (2017) марапатталған. 2017 жылғы 23 желтоқсанда БАӘ-де 4-ші жыл сайынғы «Asian Chess Excellence Awards» марапаттау рәсімінде қазақстандық гроссмейстер Д. Сәдуақасова «2017 жылдың үздік әйел ойыншысы» деп жарияланды.