13:34, 15 Қазан 2015 | GMT +5
31 қазанға дейін валюта нарығында кемінде 3 млрд. АҚШ доллары сатылатыны жоспарлануда - Ұлттық банк
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы Жол» бағдарламасын және ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған ҚР Ұлттық қорынан басқа да трансферттерді қаржыландыру үшін Қордың қаражатын алу жалғастырылады.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осыдан бұрын Қордан қаражатты конвертациялау үшін Ұлттық Банк теңгені Қаржы министрлігінің шотына аудара отырып және валюта нарығында артық долларды сата отырып, АВА-дағы долларды сатып алды. Трансферттерді қалыптастыруды жалғастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюта нарығында АҚШ долларын Қордан конвертациялайды. Ағымдағы жылғы 31 қазанға дейін валюта нарығында кемінде 3 миллиард АҚШ доллары сатылады деп жоспарлануда. АҚШ долларын сату көлемі туралы айдың қорытындылары бойынша жарияланатын болады.