13:34, 11 Қаңтар 2019 | GMT +5
31 көліктің бір-бірімен соқтығысуы: Он бес адам ауруханаға жеткізілді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 10 қаңтар күні Алматы-Қапшағай тасжолында көліктердің бір-бірмен жаппай соғысуы салдарынан 15 адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«15 науқас келді, оның үшеуін ауруханаға жатқыздық. Үшеуінің екеуін травматология, біреуі жансақтау бөлімдерінде жатыр. Жансақтау бөліміндегі науқаста жамбас сүйегінің сынуы және бас миының шайқалу белгілері бар. Қалған екеуінде дене жарақаттары және миы шайқалған», - деді Іле аудандық ауруханасындағы бас дәрігердің орынбасары Айдар Солтанғазиев.
Естеріңізге сала кетейік, кеше таңертеңгі сағат сегіздер шамасында Алматы-Өскемен тас жолының 20 шақырымында 31 көлік бір-бірімен соқтығысқан болатын. Болжам бойынша, жаппай жол-көлік оқиғасының тіркелуіне жолдың тайғақтығы себеп болған.