31 мамыр. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 31 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандар назарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
56 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Жақияұлы БИЖАНОВ дүниеге келді.

Қостанай облысында дүниеге келген. 1995 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын агрономия мамандығы бойынша, 1999 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1994-2001 жылдары Қостанай облысы бойынша салық полициясында инспектор және басшылық лауазымдардағы қызмет атқарды. 2001-2005 жылдары ҚР Қаржы полициясы агенттігінің Қостанай облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінде, 2005-2014 жылдары Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстары бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінде басшылық лауазымдарын атқарған. 2015-2017 жылдары Қазақстан Халық банкі АҚ қауіпсіздік жөніндегі өңірлік менеджері, 2017-2018 жылдары ҚР Бас прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, 2018-2019 жылдары ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті соттарында ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінде басшылық лауазымдарында жұмыс істеген. 2019-2021 жылдары ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы, 2021-2024 жылдары ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметінде болды.
Қазіргі лауазымын 2024 жылғы ақпан айынан бері атқарып жатыр.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, қаржы полициясы органдарының «Мінсіз қызметі үшін» І, ІІ, ІІІ дәрежелі медальдарімен марапатталған.
49 жыл бұрын (1976) Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Сәбитұлы КАЛЕНДЕРОВ дүниеге келді.

1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бухгалтері болып бастаған. 2000-2003 жылдары зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Тараз қалалық бөлімшесінде аға маман, Жамбыл облыстық бөлімшесінде бас маман, 2003-2005 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, 2005-2006 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасында бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы, 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданының әкімі, 2013 жылдың маусым-желтоқсан айлары аралығында Қордай ауданының әкімі, 2013-2017 жылдары Тараз қаласының әкімі, 2017-2019 Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы, 2019-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2020-2022 жылдары Шу ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2022 жылы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды.
Қазіргі лауазымын 2022 жылдың тамыз йынан бастап атқарып келеді.
47 жыл бұрын (1978) Қызылорда облысы біоім басқармасының басшысы Асқарбек Темірбекұлы ЕСЖАНОВ дүниеге келді.

Жалағаш ауданында туған. 1999 жылы атындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих және құқық пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда экология және құқық колледжінің оқытушысы болып бастаған. Әр жылдары облыстық мәдениет басқармасында, облыстық білім департаменті мен соттар әкімшісінде түрлі жауапты лауазымдарда қызмет атқарған.
2007-2010 жылдары Қызылорда қалалық білім беру бөлімі бастығының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің бастығы болған. 2010-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған. 2015-2020 жылдары Қызылорда қалалық білім бөлімінің, Қызылорда қалалық мәслихат аппаратының, Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерінде жемісті еңбек етті. 2020-2022 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2022-2023 жылдары Жалағаш ауданының әкімі қызметін атқарды.
Қазіргі лауазымын 2023 жылдың қазан айынан бері атқарып жатыр.
44 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Сағындықұлы ҚҰСАЙЫНОВ дүниеге келді.

Көкшетау қаласында туған. 2002 жылы Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесін бітірген.
Еңбек жолы: 1998-2002 жылдары Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесінің курсанты болды. 2002-2005 жылдары ҚР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінде қызмет өткерген. 2005-2007 жылдары ҚР Қарулы Күштері Халықаралық бағдарламалар Бас басқармасының бөлім офицері, 2007-2011 жылдары ҚР Қарулы Күштері Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері, 2011-2015 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы, 2015-2017 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарма бастығы, 2017-2019 жылдары ҚР ҚМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары-басқарма бастығы қызметін атқарған.
Қазіргі лауазымын 2019 жылдың ақпан айынан бастап атқарып келеді.
II дәрежелі «Айбын» орденімен, «Халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, сондай-ақ III, II және I дәрежелі «Мінсіз қызметі» үшін медальдарімен марапатталды.
37 жыл бұрын (1987) «Қазақстан қор биржасы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Михаил Валерьевич ГРИШКО дүниеге келді.
Алматыда туған. Әл-Фараби атындаңы Қазақ ұлттық университетін «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген. Философия докторы (PhD) дәрежесі бар.
Әр жылдары KASE сауда-саттық жүйелерін жобалаумен және әзірлеумен айналысты, «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ Ақпараттық технологиялар бөлімшелеріне жетекшілік етті. Соңғы жылдары «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болды, оның басшылығымен қызметтің жаңа бағыттарын іске қосу, ішкі процестерді цифрландыру, басқарудың икемді әдістемелерін (agile) енгізу, өнім моделін дамыту және клиенттік тәжірибені жаңғырту бойынша ауқымды жобалар іске асырылды.
Қазіргі лауазымын 2025 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.