31 мамыр күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 мамыр, бейсенбі күні Астана мен Алматы қалаларында бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылады. Аймақтарда да маңызды оқиғалар болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

АСТАНА

09:00-де «Hilton Astana» қонақ үйінде ҚР Жоғары соты жанындағы Халықаралық кеңестің отырысы өтеді. Тақырыбы - «Қазақстан Республикасында инвестициялық дауларды қарау. Тәжірибесі мен даму болашағы».

09:00-де «The Ritz-Carlton»-да девелопмент мәселелеріне арналған жыл сайынғы CREW Central Asia 2018 форумы басталады.

09.30-да ҚР Жоғары сотында «Сот риторикасы: тәжірибе мен оқыту мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтеді. Аталған шара Қазақстандағы Ф.Эберт атындағы қормен бірлесіп ұйымдастырылып отыр.

09:30-да «Rixos President Astana» қонақ үйінде «IDEAS FOR WOMEN IFW-2018» форумы басталады. Аталған шарада төртінші өндірістік революцияның мәселелері талқыланады.

10:00-де ҚР Парламент Сенатының кезекті отырысы өтеді.

10:00-де ҚР Парламент Мәжілісінде Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл өткен жылы атқарылған жұмыс бойынша есеп береді.

10:00-де ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев отын-энергетикалық кешен және экологиялық мәселелер бойынша қоғамдық кеңестің алдында есеп береді.

11:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабатамен кездеседі. Аталған шара ҚР Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында өтеді.

12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған баспасөз конференциясын өткізеді.

15:00-де ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің төрағасы Халил Ахмед Хан, комитеттің үйлестірушісі Марселлин Дэлли және комитеттің хатшысы Шамми Рананың Астанаға ресми сапармен келуіне арналған баспасөз-конференциясы өтеді. Аталған шара ҚР Ұлттық музейінде ұйымдастырылады.

15:00-де «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

16:00-де ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде консультативтік кеңестің отырысы өтеді. Негізгі тақырып - Есеп комитеті жанындағы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау мәселесі.

16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «2018 жылғы Қазақстандағы Өндіруші салалар ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) бойынша валидация қорытындысы және прогресс» тақырыбында баспасөз конференция өтеді.

19.00-де «Еуропа күнін» өткізу шеңберінде Астана балет театрында еуропалық композиторлардың классикалық музыка концерті өтеді.  

АЛМАТЫ

9:30-да «The Ritz-Carlton» қонақ үйінде «NEO PR. КОММУНИКАЦИЯЛАР 360°» тақырыбында 14-ші халықаралық PR-форумы басталады. Жиын барысында жарнама мен имидж жасау, халықаралық брендтердің локализациясы және PR-ға қатысты басқа да мәселелер талқыланады.

10:00-де үлкен айналма жолдың құрылысы салтанатты түрде басталады. Ресми шараға ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен қала әкімі Бауыржан Байбек қатысады деген жоспар бар. Өтетін жері Құлжа тас жолының 20-шы шақырымы.

12:30-да Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және Алматы қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз мәслихаты басталады.

17:00-де SmArt.Point ғимаратында Go Viral 2018 фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Аталған шара осымен екінші рет өткелі жатыр.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

08.45-те 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Алаштың арманы - азаттық таңы» атты іс-шарасы өтеді. Өтетін орны: «Қасірет» мемориалы (Бәйдібек би даңғылы, Дендросаябаққа қарама-қарсы бетте)

09:45-те Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХI сессиясы өтеді. Өтетін орны: «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимараты.

10:00-де ОҚО Кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңес отырысы өтеді. Күн тәртібі: «Атамекен» ҰКП-ның алдағы съездін талқылау және сұрақтар дайындау; Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы туралы қысқаша есеп; Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынасын дамыту туралы ОҚО Кәсіпкерлер палатасының талдауы.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

12.00-де Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг өтеді. Митингіге облыс әкімі Амандық Баталов, репрессияға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, қоғамдық ұйым өкілдері, аудан тұрғындары қатысады. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескеркішке гүл шоқтары қойылып, құрбандарға құран оқытылып, ас беріледі.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

18:00-де Жастар мәдениет сарайында «Студенттік көктем -2018» фестивалінің гала-концерті өтеді. Аталған шара Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушысы - «Жастар таңдауы - Атырау» қоғамдық бірлестігі. Биылғы фестиваль Астана қаласының 20 жылдығына арналып отыр.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың жұмыс сапары жоспарланған.

9.00-де - «Түйетөбе» мемориалында митинг өтеді

10.00-де ашаршылық пен саяси репрессия құрбандарына арналған ескерткіш ашылады.

10.50-де «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Депортациялар тарихынан. Қазақстан. 1939-1945 жж.» тарихи-деректі көрме ашылады.

11.00-де «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Рухани жаңғыру жолындағы тарих тағылымы» ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысы басталады.

12.00-де «Күншуақ» балаларды сауықтыру лагері ашылады. (Бестамақ ауылы)

15.00-де «Дәру» офтольмологиялық емханасы ашылады (Батыс-2 шағын ауданы)

15.30-да Әбілқайыр хан даңғылында «Неке сарайы» ашылады.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

10:00-де Өскемен қаласында «Рухани жаңғыру» аясында «Қасіретті зұлмат жылдар» тақырыбында жиын өтеді. Аталған шара Протозанова көшесіндегі 145 мекен-жайда ұйымдастырылады.

15:00-де Пушкин атындағы кітапханада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шара өтеді.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

10.00-де Көкшетау қаласында Жансая тұрғын үй кешені аумағындағы мұсылман зиратында Науан Хазіретті еске алуға арналған шара өтеді. Шараға Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин, ардагерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, Науан Хазіреттің ұрпақтары қатысады.

Соңғы жаңалықтар