31 наурыз. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 31 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
78 жыл бұрын (1948) композитор, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алмас Ермекұлы СЕРКЕБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1966 жылы музыкалық мектепті, 1973 жылы Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) композиция (Ғ. Жұбанованың класы бойынша) бөлімін бітірген. 1973-1974 жылдары осында стажер-зерттеуші, 1974-1978 жылдары стажер-ассистент, 1982 жылдан Қазақстан Композиторлар одағының дыбыс жазу кабинетінің меңгерушісі болды. Симфониялық, аспаптық-камералық, вокалдық және эстрадалық жанрда еңбек етті. Оның камералық оркестрге арналған «Шалқыма» (1974), «Кербез» (1976), «Отырар» (1979), «Шертпе күй» (1982); «Хорлан», «Мәңгі өшпес даңқ» (1974) атты вокалдық шығармалары; «Ақсақ құлан» балеті (1975) мен «Маугли, менің бауырым» рок-опера-балеті (1982), т.б. бар.
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері.
59 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Молдиярұлы НҰРЖІГІТОВ дүниеге келді.

1991 жылы Ленинград ауылшаруашылық институтын «Инженер-механик», 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.
Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозында механик болып бастаған.
Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2019-2021 жылдары Байзақ ауданы әкімі, 2021-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2022-2023 жылдары Жамбыл облысының әкімі лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді, 2024 жылдың сәуірінде қайта тағайындалды.
48 жыл бұрын (1978) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қаршығалыұлы ЖАҚЫПОВ дүниеге келді.

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірген. Экономика бакалавры және магистрі, экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 2011-2012 жылдары Royal Bank of Scotland Инвестициялық банкинг департаментінің директоры, Астана қаласындағы Өкілдіктің басшысы, 2012-2016 жылдары UBS банкі (Ю БИ ЭС БАНК) Инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры, Астана қаласындағы өкілдіктің басшысы, 2016-2017 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, даму және инвестициялар жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі, 2017-2019 жылдары «Астана» ӘКК АҚ Басқарма төрағасы, 2019-2020 жылдары ROTHSCHILD & СО (ИНВЕСТ БАНК РОТШИЛЬД ЖӘНЕ КО) Қазақстандағы өкілі, 2020-2023 жылдары Kazakhstan Investment Development Fund Management Company LTD Басқарма төрағасы болып қызмет атқарған. 2023 жылдан бастап – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы.
Қазіргі лауазымын 2025 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.
43 жыл бұрын (1983) ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Жеткергенұлы ОРАЛМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. 2006 жылы Мәскеу авиация институтын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығында инженер-конструктор болып бастаған. 2010-2012 жылдары «Бәйтерек» Қазақстан–Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ өкілдігінде бас маман, бөлім басшысы болды. 2012-2014 жылдары ҚР Ұлттық ғарыш агенттінің Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директорының орынбасары; директоры. 2014-2015 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің Жобаларды сүйемелдеу басқармасының басшысы. 2015-2016 жылдары «Ғалам» ЖШС бас директоры. 2016-2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарған. 2017-2019 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.
2019 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
43 жыл бұрын (1983) Рудный қаласы әкімінің орынбасары Талғат Сапабекұлы САҚТАҒАНОВ дүниеге келді.

М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2004-2005 жылдары Денисев ауданы, Денисовка ауылы бойынша Салық комитетінің бас маманының уақытша міндетін атқарушы, Салық комитетінің Денисев ауданы, Денисовка ауылы бойынша аудит және жанама салықтар бөлімінің бас маманы, Салық комитетінің Денисов ауданы бойынша Аудит және жанама салықтар басқармасы бастығының міндетін атқарушы, 2005-2010 жылдары Салық комитетінің Рудный қаласы бойынша салықтық тіркеу бөлімінің бас маманы, Өндірістік емес төлемдерді және арнайы режимдерді әкімшілендіру басқармасының Арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының бастығы, 2010-2013 жылдары Өндірістік емес төлемдерді басқарудың арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, 2013-2014 жылдары Қостанай қаласы, шағын және орта бизнесті басқару, өндірістік емес төлемдерді және шағын және орта бизнесті әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, 2014-2015 жылдары Қостанай қаласы, Қарасу ауданы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары, Қостанай ауданы Майкөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, 2018-2020 жылдары Қостанай облысы Майкөл ауылдық округінің әкімі, 2020-2023 жылдары Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
42 жыл бұрын (1984) Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Қуаныш Ғалымжанұлы ЫСҚАҚОВ дүниеге келді.

2005 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2015 жылы«Мирас» университетін,
2018 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2005-2006 жылдары Шымкент қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы, 2006-2007 жылдары ОҚО мәдениет басқармасының жетекші маманы, 2007-2008 жылдары «Халықаралық Абай клубы» ЖШС-нің бас есепшісі болды. 2008-2014 жылдары Шымкент қалалық қаржы бөлімінде түрлі жауапты қызметтер (бас маман, сектор меңгерушісі) атқарған. 2014-2015 жылдары Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары, 2015-2016 жылдары «ҚуатЖылуОрталық-3» МКК директорының экономика және қаржы бойынша орынбасары, 2016-2017 жылдары Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі, 2017 жылы «КЗ Фармация» ЖШС қаржы директоры, 2017-2018 жылдары Ордабасы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, 2020-2021 жылдары «Шымкент ӘКК» АҚ-да менеджер, бөлім басшысы, 2021-2024 жылдары Кентау қаласы әкімінің орынбасары, 2024-2025 жылдары Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.
Қазіргі лауазымын 2025 жылдың қазан айынан бері атқарып келеді.