31 шілде. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 31 шілде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

31 шілде. Тұлғалар туған күн

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Валерий Владимирович НОЗДРИН дүниеге келді.

Алматыда туған. 1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1980-1981 жылдары В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының лаборанты, 1986-1987 жылдары Алматы қаласы Мәскеу аудандық прокуратурасының бос тұрған тергеуші қызметінің тағылымгері, тергеушісі, 19891990 жылдары Алматы қаласы Мәскеу аудандық прокуратурасында аға тергеуші, прокурордың аға көмекшісі, көмекші, 1990-1991 жылдары Алматы қалалық прокуратурасы тергеу бөлімінің прокуроры, 1991-1992 жылдары Қазақ ССР прокуратурасы сот үкімінің заңдылығын бақылау басқармасының прокуроры, 1992-1995 жылдары Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшесі, 1995-1997 жылдары Алматы қаласы Совет аудандық сотының судьясы, 1997-2000 жылдары Алматы қалалық сотының судьясы.

2000 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

54 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Талғат Әулиеханұлы ИБРАШЕВ дүниеге келді.

Қостанай облысы Лисаковск қаласында туған. 1995 жылы Уральск мемлекеттік заң академиясын (Екатеринбург қ.) заңгер мамандығымен тәмамдаған.

Еңбек жолы: Арқалық қ. «Агропром» МТС Торғай облыстық базасының жүк тасушысы (1986-1987); Арқалық қ. «Агропромтехника» РТП жүк тасушысы (1989-1990); дайындық бөлімінің тыңдаушысы (1990); Торғай облысы кеден басқармасының контрабандаға және кеден ережелерін бұзуға қарсы күрес бөлімінің инспекторы, аға инспекторы, бастығы (1993-1996); Торғай облыстық сотының аға консультанты (1996-1997); Арқалық қаласы сотының судьясы (1997-1999); Қостанай облыстық сотының судьясы (1999-2004); Қостанай облысы Қостанай аудандық сотының төрағасы (2004-2009); Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы (2009-2012); Рудный қалалық сотының төрағасы (2012-2015).

2015 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

4 8 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері Олег Александрович СМОЛЯКОВ дүниеге келді.

Алматыда туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист (1996); National Graduate Institute for Policy Studies (Жапония), мемлекеттік саясат шебері (2001); University of Warwick (Ұлыбритания), қаржы және экономика ғылымдарының магистрі (2011).

Еңбек жолы: ҚР ҰБ халықаралық инвестициялар балансы секторының жетекші экономисі (1996-1998); ҚР ҰБ төлем теңгерімі, капитал қозғалысы басқармасының бас экономисі (1998-2002); ҚР ҰБ төлем теңгерімі басқармасы бастығының орынбасары (2002-2004); ҚР ҰБ төлем теңгерімі және валюталық реттеу департаменті директорының орынбасары (2004-2006); ҚР ҰБ қаржы тұрақтылығы басқармасының бастығы (2006-2011); ҚР ҰБ қаржы тұрақтылығы департаментінің директоры (2011-2014); ҚР ҰБ қаржы тұрақтылығы және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры (06.2014-09.2014). 2014-2019 жылдары ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болған. 2019-2022 жылдары – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік төрағасының бірінші орынбасары.

4 5 жыл бұрын (1978) ҚР Үкіметі Аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің аймақтық инспекторы Мейрам Олжабайұлы ӨТЕШОВ дүниеге келген.

Қостанай облысында туған. А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «экономист-менеджер» және «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Қостанай облысының экономика және сауда департаментінде жетекші маман болып бастаған. Қостанай облысының экономика және сауда департаментінде және шағын бизнесті қолдау басқармасында басшылық лауазымдарды атқарған. Қостанай облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы; Қостанай облысының Жітіқара ауданының әкімі (2013-2016); ҚР Қорғаныс министрлігінің қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту Бас басқармасының, Мемлекеттік сатып алу бас басқармасының жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы (2016-2019); «Агро-кредиттік корпорация» АҚ кредиттік серіктестіктерді дамыту департаментінің директоры (2019-2020), «Павлодар «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы (2020-2021) лауазымдарын атқарды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

40 жыл бұрын (1983) «Kazlogistics» Қазақстан тасымалдаушылар одағының бас директоры Ерлан Сембекұлы АБСАТОВ дүниеге келген.

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында туған. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «жол қозғалысы инженері» мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «құқық» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2006-2008 жылдары – Шахтинск қаласындағы «Казахстанская» шахтасының жерасты тау-кен жұмысшысы. 2008 жылы «Қаз АТО» Қазақстан Республикасы Халықаралық автомобиль тасымалдаушылары Одағы өкілдігінің менеджері болды. 2008-2011 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитеті Автомобиль көлігі басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы. 2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Еуразиялық интеграция басқармасының бас сарапшысы, басшысы. 2014-2016 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары. 2016-2018 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Экономикалық интеграция департаментін директорының міндетін атқарушы, директор. 2018 жылы «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ Салалық талдау орталығы директорының орынбасары болды.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қаңтар айынан бастап. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен, «Құрметті автокөлікші» төсбелгісімен марапатталған.


«Жайық» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасында бақ сынайды
Ұқсас жаңалықтар

«Жайық» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасында бақ сынайды