31 тамыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 31 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

31 тамыз, ЖЕК СЕНБІ

Қырғыз Республикасының мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. Қырғызстан - Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 6 облысқа бөлінеді. Астанасы - Бішкек қаласы. Ресми тілі - қырғыз және орыс тілдері. Ақша бірлігі - сом. 1991 жылғы тамыздың 31-інде Қырғызстан мемлекетінің тәуелсіздігі туралы Декларация жарияланды. Қырғыстан Республикасы мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қазанның 15-інде орнатылды.

Литва бостандығы күні. 14 жыл бұрын (1993) Литва аумағынан Ресей әскері шығарылды. 1994 жылғы тамыздың 31-інде Ресей әскерін Германия, Латвия және Эстония аймағынан шығару аяқталды.

Малайзияның Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1957). Малайзия - Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 13 штатқа және астанасы Куала-Лумпур орналасқан федералдық аумаққа бөлінеді. Мемлекеттік тілі - малай тілі (малайский). Ақша бірлігі - ринггит.

Тринидад және Тобаго Республикаларының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1962). Бұл мемлекет Кариб теңізіндегі Тринидад және Тобаго аралдарында орналасқан.

Орыс ақыны М.Цветаеваны (1892-1997) еске алу күні.

Байкал күні. Тамыз айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1 5 жыл бұрын (1999) Алматы облысы Кербұлақ ауданының Қоянкөз ауылындағы орта мектепке Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тоқсын Құлыбековтың есімі берілді.

10 жыл бұрын (2004) Екібастұз қаласының «Шахтер» мәдениет және демалыс паркінде даңқ аллеясы ашылды. Мәрмәр тақтаға «Шахтер даңқы» құрметті белгісімен марапатталған 300 кеншінің аты-жөні жазылған.

10 жыл бұрын (2004) Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кездесуі (Кеңес) өтті. Кеңестің V сессиясы жұмысына Әзірбайжан, Армения, Беларус, Грузия, Қырғызстан, Молдава, Ресей, Тәжікстан, Украина мемлекеттерінен делегаттар қатысты.

2 5 жыл бұрын (1989) молдаван тілі Молдавияның мемлекеттік тілі деп жарияланып, латын әрпіне көшірілді.

20 жыл бұрын (1994) шахматтан әлем чемпионы Гарри Каспаров Pentium компьютерінен ұтылып қалды. Әйгілі чемпионды жеңген компьютер Гиннестер кітабына енді.

7 жыл бұрын (2007) Таразда Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды.

Гранит тұғырында ашылған кітап орналасқан. Бір бетінде - ұлы ақын, философтың мүсіні, екіншісінде - әрбір қазақты бір-біріне дос ретінде қарауға шақыратын қара сөздері жазылған. Төрт метрлік ескерткіш бір символ ретінде көрінеді. Абайдың еңбектері әлі күнге дейін «ашық кітап» сияқты, оның шығармалары ғасырдан астам уақыт өтсе де әлі сұраныста.

7 жыл бұрын (2007) Петропавлда 1100 орындық мемлекеттік тілде оқытатын жаңа мектеп-интернат ашылды.

Мұнда балалар қазақ, орыс және ағылшын тілінде кешенді білім алатын болады. Жаңа мектеп-гимназияда бірнеше спорт залы, лингафондық кабинеттер, жүзу бассейні бар, сондай-ақ информатиканың 24 сыныбы Интернетке қосылған.

5 жыл бұрын (2009) Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданында ядролық сынақтар құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.

1949 жылғы 29 тамызында Семей ядролық полигонында бірінші жер бетіндегі жарылыс болды. Оның аумағында қатал құпиялық шартымен 500-ге тарта жер бетіндегі және жер астындағы жарылыстар өткізілген. 1991 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен полигон жабылған.

Ескерткіш бұрынғы лагерьдің орнында Қайнар ауылының маңында орналасқан, өткен ғасырдың 40-шы жылдары ядролық жарылыс кезінде әскери адамдар сынақ үшін жергілікті 42 тұрғынды қалдырып кеткен. Ғалымдар радиция адам денсаулығына қалай әсер ететін көргісі келді.

Ескерткіштің авторы - жас сәулетші Асқат Бәкіров. Ескерткіште отбасылық шаңырақ ошағын ядролық жарылыс қиратқан стелла бейнеленген.

ЕСІМДЕР

9 3 жыл бұрын (1931) Қазақстанның халық әртісі ШӘРІПОВА Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы дүниеге келді.

Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында туған. Алматы театр училищесін бітірген. «Қазақфильм» киностудиясы мен Қазақ радиосында жұмыс істеді. 1953 жылы Алматыдағы Қазақ драма театрының труппасына қабылданды. «Менің әкем кім» спектаклінде Лағылдың, Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысында» - Ақтоқтының, Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпанында» - Қарагөздің және «Қарагөзде» - Қарагөздің, Сәбит Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» - Айжанның, Уильям Шекспирдің «Отелласында» - Дездемонаның және басқаларының рөлдерін сомдады. Фильмдерді қазақ тіліне дубляж жасауға қатысты, радиода көркемсөз оқу шебері болды. «Өжет қыз» фильмінде - Нұржамал, «Біз осында тұрамыз» фильмінде - Дина, «Өмір жолында» - Хадиша, «Абай» телефильмінде - Қарлығаш рөлдерін экранға шығарды. Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.

«Құрмет белгісі» және «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған.

5 2 жыл бұрын (1962) V шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы НЫҒМАТУЛИН Нұрлан Зайроллаұлы дүниеге келді.

Қарағандыда туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдарының докторы. Институтты бітіргеннен кейін «Қарағандыоблгаз» өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген. 1985-1990 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы болды. 1990-1993 жылдары - Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы. 1993-1995 жылдары - «Тенгри» қазақ-американ бірлескен кәсіпорынының президенті. 1995-1999 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1999-2002 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары. 2002-2004 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі. 2004-2006 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2006-2009 жылдар аралығында - Қарағанды облысының әкімі. 2009-2012 жылдар аралығында - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2012 жылғы 20 қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары қызметін атқаруда. «Құрмет», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.

5 2 жыл бұрын (1962) ҚР Парламенті Сенатының Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі НЫҒМАТУЛИН Ерлан Зайроллаұлы дүниеге келді. Қарағанды қаласында туған. Қарағанды кооперативтік институтын экономист. Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетін, заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. ҚР Парламенті Мәжілісінің II - III - IV шақырылымының депутаты болып қызмет істеген. ҚР Парламенті Мәжілісінің III - IV шақырылымында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің Төрағасы болып сайланған. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі, Америка Құрама Штатттары Конгресімен, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджилисімен (Ұлттық Жиналысы) ынтымақтастық тобының мүшесі. «Құрмет» (2006), ТМД ПАА «Содружество» (2008) ордендерімен, бес медальмен, соның ішінде «Шапағат» (2001) медалімен марапатталған. Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасының Өкіміне сәйкес парламентаризмнің дамуына және парламентаралық байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

20 3 жыл бұрын (1811-1872) француз жазушысы және сыншысы ГОТЬЕ Теофиль дүниеге келді.

19 3 жыл бұрын (1821-1894) неміс ғалымы, физиология, физика профессоры, көптеген академиялар мен ғылыми қоғамдардың мүшесі ГЕЛЬМГОЛЬЦ Герман Людвиг Фердинанд дүниеге келді.

5 8 жыл бұрын (1956) белгілі жапон сайқымазақшысы, телеқойылымшы, тенор-әнші МАСАСИ Тасиро дүниеге келді.

1 40 жыл бұрын (1874-1930) қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш зиялысы, қазақтан шыққан тұңғыш мал дәрігерлерінің бірі ЕСЕНҒҰЛОВ Түбек дүниеге келді.

Үлкен Алматы болысының Верный уезінде туған. Верный ер балалар гимназиясын, Қазан мал дәрігерлік институтын бітірген. 1902-1922 жылдары Жетісу облысының Жаркент уезінде мал дәрігері болып қызмет атқарды. 1913 жылы Әулие Станислав орденімен марапатталды. Ақпан төңкерісінен кейін Алаш қозғалысына араласты. 1922-1927 жылдары Алматы мал дәрігерлік басқармасының бастығы болды. 1927-1929 жылдары Түрксіб құрылысында жұмыс істеді.

1 10 жыл бұрын (1904-1998) филология ғылымының докторы, әдебиеттанушы, сыншы, аудармашы, Қарақалпақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері КЕДРИНА Зоя Сергеевна дүниеге келді.

Ресейдің Мәскеу қаласында туған. Мәскеу әдебиет және өнер институтын бітірген. 1931 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Алматыдағы Ұлттық орталық кітапханада қызмет істеді. М.Әуезов, І.Жансүгіров, тағы басқа жазушылардың еңбектерін зерттеп, алғашқы аудармаларын, ғылыми мақалаларын жарыққа шығарған. І.Жансүгіровтің «Дала поэмасын», Б.Майлин, Т.Жароков, тағы басқа ақындардың өлеңдерін аударып, Мәскеуде шыққан «Қазақстан» атты жинақта, «Сибирские огни» журналында бастырды. Абай шығармалары, І.Жансүгіров поэзиясы туралы мақалалар жазып, «Октябрь», «Әдебиет майданы» журналдарында жариялады. Кейін Мәскеуге қоныс аударып, «Новый мир», «Октябрь» журналдары мен «Литературная газета» редакцияларында, Мәскеу мемлекеттік университетінде қызметтер атқарды.

КСРО Ғылым академиясының, Әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері болды. Оның қатысуымен қазақ, әзірбайжан, татар, өзбек, қырғыз әдебиеттерінің тарихы, «Қазақстан мен Орта Азия халықтары әдебиеттерінің тарихы», көп томдық «Көп ұлтты кеңес әдебиетінің тарихы» орыс тілінде басылып шықты. Ол ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап қазақ әдебиетінің сан алуан мәселелерін зерттеп, үзбей жазып отырды. «Абай жолы» эпопеясының орыс тіліндегі басылымдарын аударуға көмектесіп, оларға алғысөз жазды. 1973-1974 жылдары М.Әуезовтің 5 томдық таңдамалыларын, «Шатқалаң», «Өскен өркен», тағы басқа туындыларын орыс тілінде бастырып шығаруға атсалысты. «Қазақ даласының жырлары» антологиясын құрастырып, кіріспе жазып, редакторлық етті. Жамбыл Жабаевтың «Таңдамалыларына» алғысөз жазып, А.Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» монографиясының редакторы болды.

«Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

9 4 жыл бұрын (1920-1993) жазушы, профессор, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі ЛИЗУНОВА Евгения дүниеге келді.

Украинаның Днепропетровск қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын бітірген.

Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

Алғашқы елеулі ғылыми-зерттеу еңбегі - «Қазақ тарихы романының даму жолдары» монографиясы. «Наука», «Мастерство Мухтара Ауезова», «Казахские литературные связи», «Казахская литература» атты шығармаларының авторы.

5 8 жыл бұрын (1956) «ОЮ» көркемсурет галереясының директоры, журналист, философия ғылымдарының докторы, профессор ШАЛАБАЕВА Гүлмира Кенжеболатқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1978), журналист; Қазақстанның ҒА Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген (1986). Философия ғылымдарының докторы (1997). ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының мүшесі-корреспонденті (1999). «Ұлыс. Мәдениет. Сана сезім» (1995), «Мәдениетті ұғыну:Қазақстанның дүниетанымдық парадигмалары және тарихи реалилері» (2001), «Қазақстан: мәдени саясаттың эволюциясы» (2002), «Евгений Сидоркин. Көркемдік тәсілдің онтологиясы» (2005), «Мәдөниет: аласапыран мен тәртіп арасында» (2006), «Қазақстан: ежелгі өркениеттен қазіргі заманға дейін» (2007), «Еуразиялық бейнелеу өнері призмасы арқылы» (2010), «Өнер энциклопедиясы» (2010) кітаптарының авторы. «Гүлфайрус Исмаилова. Кескіндеме және театр-декорациялық өнері» (2000), «Қазақстанның ғасырлар тоғысындағы бейнелеу өнері» (2000), «Шынайылықтың қырлары» (2004), «Қазақ өрнегінің ғарышы» (2008) көркем альбомдарының баспагері. 1978 жылдан - ҚазКСР Мемкино бас редакторы. 1983 жылдан - Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтының аспиранты. 1986 жылдан - педагогикалық ғылымдар ҒЗИ аға ғылыми қызметкері. 1991 жылдан - ҚР жастар ісі бойынша Мемлекеттік комитетінің жетекші маманы. 1993 жылдан - Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. 1997 жылдан - Қазақстан ҒА Философия институтының бас ғылыми қызметкері. 1998 жылдан бері - «ОЮ» көркем галереясының директоры. 2009 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бейнелеу өнері теориясы және тарихы кафедрасының профессоры. «Art Eurasia» Қоғамдық қорының президенті (2007 жылдан). Қазақстан-Британ техникалық университетімен бірге халық суретшісі Евгений Сидоркиннің еске алу көрмесін өткізді, Көрнекті материалға бай суретшінің өмірі және шығармашылығы жайлы «ҚазРесГаз» компаниясының демеушілігімен альбом-монографияны тарту етті. Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (2001). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері

Соңғы жаңалықтар