14:28, 16 Қаңтар 2026 | GMT +5
31 желтоқсан күні 487 неке тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазір жас жұбайлардың басым бөлігі неке қиюды есте қаларлық ерекше күндге жоспарлауды сәнге айналдырды. Жаңа жыл күні еліміз бойынша қанша неке тіркелгені белгілі болды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді.
— 2025 жылдың 31 желтоқсан күні барлығы 487 неке тіркелді, — делінген хабарламада.
Жаңа жыл қарсаңында неке тіркеу саны ең көп болған 5 өңір:
— Алматы қ. — 68 жұп
— Түркістан облысы — 61 жұп
— Астана қ.– 47 жұп
— Жамбыл облысы — 37 жұп
— Қарағанды облысы — 30 жұп
Күнтізбедегі осындай ерешке күндер отбасын құруды жоспарлаған азаматтар арасында дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие болып келеді.
Бұған дейін Қазақстанда неке жасы ұлғайып, азаматтық неке көбейіп келе жатқанын жаздық.