31 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады, бұрқасын, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.
None
None

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіліп, желдің жылдамдығы секундтына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай облысының кей жерлерінде түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күшейіп, кей жерлерінде бұрқасын болады.

Атырау облысының кей жерлерінде жел ұйытқып, жылдамдығы 15-20 м/с.-қа жетеді.

Маңғыстау облысында, таңертең және күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-23 метр болады, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с, жаяу бұрқасынмен бірге күшеюі күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түсуі мүмкін, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын күтіледі, соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Соңғы жаңалықтар