32 алаяқтық: Алматыда күдікті жоқ пәтерлерді жалға беремін деп адамдарды алдап келген

АЛМАТЫ.KAZINFORM – Алматыда интернет арқылы жасалған алаяқтықтың жолы кесілді.

полиция
Фото: ІІМ

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тұрғын үйді жалға беру кезінде жасалған интернет-алаяқтық деректерінің жолын кескен.

Күдікті әлеуметтік желілер мен интернетте тәуліктік пәтер жалға берілетіні туралы хабарландырулар жариялаған. Алайда ұсынылған баспана шын мәнінде болмаған.

Жарнамаға қызығып, пәтер жалдауға ниет білдірген азаматтар уәде етілген тұрғын үйге қол жеткізе алмай, алаяқтың құрбанына айналған.

Пәтер іздеген адамдар хабарландыруға сеніп, жалға алуға өтініш білдірген. Алайда тартымды ұсыныстың артында алаяқтық әрекет тұрған. Уәде етілген пәтерге қол жеткізе алмаған адамдар ақшасынан айырылған.

Қазір ұсталған азаматтың осыған ұқсас 32 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды.

Күдікті ұсталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

- Интернеттегі пәтердің әдемі суретіне бірден сене бермеңіз. Оның артында алаяқтардың тұзағы тұруы мүмкін. Ал мұндай сенімсіздіктің соңы тек бұзылған жоспармен емес, ақшадан айырылумен де аяқталуы мүмкін, - деп мәлімдеді Алматы ПД.

Еске салайық, Алматыда ес-түссіз күйдегі ер адамды пәтерінен көтеріп әкеткені хабарланды.