32 қару иесі жазаланды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 2017 жылдың 13-15 наурыз аралығында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу, ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған азаматтық қару айналымын бақылау, сақталуын қамтамасыз ету, дабыл қондырғыларының сапалылығын және заңнама талаптарына сай болуын бақылау мақсатында Қызылорда облысы аумағында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ОІІД сілтеме жасап хабарлады.

Шара барысында полиция қызметкерлерімен арнайы рейдтік жұмыстар жүргізіліп, қару-жарақтардың иелері тексерілді.

Нәтижесінде іс-шараның 1 күнінде 32 заң бұзушылық анықталып, ішкі істер органдарында тіркелмеген 4 қару тәркіленді. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 484-бабы бойынша, азаматтық  қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін 17 қару иесіне, ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша азаматтық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін 11 қару иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.

Соңғы жаңалықтар