32 мың шақырым өңір жолдарының нормативтік деңгейі 95 пайызға дейін көтеріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Алдағы 3 жылда 32 мың шақырым өңір жолдарының нормативтік деңгейі 95 пайызға дейін көтеріледі.

Қала магистральдары Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзартылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты.

- Қазақстанда 95 мың шақырым автомобиль жолдары бар. Оның ішінде 25 мың шақырым - республикалық жолдар. Бұл жолдар Көлік министрлігіне қарайды. Нормативтік жағдайы 94 пайызды құрайды. Ал 70 мың шақырым облыстық және аудандық жолдар жергілікті органдарға қарайды. Оның нормативтік жағдайы – 91 пайыз, - деді министр.

Оның айтуынша, республикалық маңызы бар жолдарда нормативтік жағдай шамамен бір деңгейде сақталған. Ал жергілікті жолдар бойынша батыс өңірінде жолдардың нормативтік деңгейі төмендеу.

- Келе жатқан үш жылдың ішінде жергілікті органдармен бірге өңірлік жолдардың жұмыстарын 5 есе көтереміз. Жұмыстың нәтижесінде 32 мың шақырым өңір жолдарын нормативтік деңгейін 95 пайызға дейін көтереміз. Бұл жұмыстарды атқару үшін ведомстволық нормативтерге тиісті өзгерістер қабылданды. Қазіргі уақытта стандарттарға өзгерістер енгізу жұмысы аяқталып жатыр. Сонымен қатар, өткен аптада әкімшіліктердің өкілдерімен жиналыс өткізілді. Түсіністік бар, жергілікті органдар жұмыстарына кірісіп жатыр, - деді Нұрлан Сауранбаев.

Айта кетейік, Үкімет автожол саласын дамыту мәселесін пысықтап жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум