09:10, 20 Мамыр 2009 | GMT +5
32 жастағы ер азамат пойыздың астына түсті
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында пойыздың астына түсіп, ер азамат опат болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Кеше, мамырдың 19-ы күні сағат 11.05-терде Арал ауданындағы Сексеуіл-Қазалы учаскесінде «Орал-Алматы» бағытындағы пойыздың астына түсіп, 32 жастағы ер азамат қаза болды.