-35 градусқа дейінгі аязға байланысты ШҚО мектептерінде сабақ болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы күшті аяздан сабақ тоқтатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Осылайша, Зырян ауданында -35 аяз және 1-2 ауысымдағы 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Шемонаиха ауданында (-24, жел 2-4 м/с) 1 ауысымда оқитын 1-4 сыныптар оқудан босатылды.

Қатонқарағай ауданында (-33) 1-2 ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары сабаққа бармайды.

Көкпекті ауданында (-33) бірінші ауысымда оқитын 1-8 сыныптарға сабақ тоқтатылды.

Күршім ауданында (-30) 1-2 ауысымда оқитын 1-4 сыныптарға сабақ болмайды.

Аягөз ауданында (-25) 1 ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары уақытша демалады.

Соңғы жаңалықтар