35 мыңнан астам есірткі жарнамасы жойылды

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі қылмыстарын анықтау, жолын кесу және жазалау шараларын күшейтуді, сондай-ақ есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейтуді және есірткі зертханалары мен есірткі дүкендерінің қызметін жолын кесуді тапсырды. 

35 мыңнан астам есірткі жарнамасы жойылды
Фото: polisia.kz

— Қазіргі уақытта есірткі қылмысымен күрес есірткі бизнесі үшін жазаны күшейту, өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазалау түрінде жүргізіліп жатыр. Интернетте жарнамалаған және сатқан үшін жауапкершілік енгізіліп, прекурсорлардың айналымы мен есірткі зертханаларына арналған құрал-жабдықтар үшін жаза күшейтілді, — деді бас прокурор Берік Асылов.

«Дроппер болған» үшін қылмыстық бап енгізілді.

— Есірткіге қарсы күресте тиімді шараларды әзірлеу үшін әр жартыжыл сайын өңірлер әкімдерінің, Парламент депутаттарының және басқа да мүдделі тұлғалардың, соның ішінде халықаралық серіктестердің қатысуымен Қазақстан Республикасының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікпен күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстары өткізіледі.

Жергілікті атқарушы органдар полициямен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды күшейтуге, әсіресе көшелердегі есірткі граффитиін жоюға бағдарланған. Есірткі жарнамасын жою жұмыстарына коммуналдық қызметтер мен еріктілер қатысып жатыр. 35 мыңнан астам есірткі жарнамасы жойылды.

Жұмыс жалғасып жатыр.

Жыл басынан бері 22 есірткі жарнамашысы ұсталып, 133 қылмыстық іс қозғалды.

Таргетинг-орталықтың прекурсорлар айналымын бақылау жөніндегі жұмысының нәтижесінде есірткі зертханалары пайдаланатын өнімдерді заңсыз әкелудің 58 фактісінің жолы кесіліп, 37 заңды тұлға жауаптылыққа тартылды, - деді ол.

Айта кетелік ІІМ азаматтарды дропперлердің қатысуымен жасалатын есірткі қылмыстары туралы ескерткен еді

Соңғы жаңалықтар