35 жыл бұрын әлемнің 157 мемлекеті Алматы декларациясын қабылдады - А.Есімов

АЛМАТЫ. 6 қараша. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары мамандардың біліктілігі мен білімін жетілдіру бағытында кешенді шаралар және заман талабына сай салынып жатқан емханалар мен диагностикалық орталықтар өз жұмысының нәтижесін көрсетуде. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін Алматыда өтіп жатқан Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференцияның ашылу рәсіміндегі құттықтауында айтты.
None
None
"Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі Алматы декларациясының мерейтойына арналған халықаралық конференцияға қош келдіңіздер. Осыдан 35 жыл бұрын тұңғыш рет әлемнің 157 мемлекеті Алматы декларациясын қабылдап, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға басымдық берген болатын", - деді А.Есімов. Шаһар басшысының айтуынша, бүкіл әлемнің денсаулық сақтау жүйесі үшін басты бағытты айқындаған осы құжаттың бүгінде мыңжылдық декларация атануы осының нақты дәлелі. Қазіргі таңда бұл мәселе өзінің маңызын жоғалтпай, өзектілігін арттырып келеді. Елбасымыз атап көрсеткендей, ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі. Қаламызда 1,5 миллионға жуық халық шоғырланғанын ескерсек медицина саласы біз үшін негізгі бағыттардың бірі болып табылады.
Соңғы жаңалықтар