3500-ден астам заңды тұлға энергия үнемдеуге бағытталған бесжылдық жоспар әзірлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 3500-ден астам заңды тұлға энергия үнемдеуге бағытталған бесжылдық жоспар әзірлейді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы франкциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.
None
None

«Өнеркәсіп энергия ресурстарының 50-70 пайызын тұтынады. Біздің бағалауымызша, үнемдеу әлеуеті 40 пайызға жетеді. Көлік секторы энергия ресурстарының 20 пайызға жуығын пайдаланады әрі үнем үлесі шамамен 34-40 пайызға тең. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен бюджеттік ұйымдарға 30 пайызға дейін электр энергиясы кетеді. Бұл салада да кемінде 30 пайыз энергияны үнемдеуге болады» , - деді ол.

Бірінші вице-министрдің атап өтуінше, бүгінде еліміздің ірі электр тұтынушыларының мемлекеттік энергетикалық тізілімі құрылған. Өткен жылдың қорытындысында аталған тізілімге 11 мың заңды тұлға кірген. «Толықтай алғанда, заңға сәйкес 2015 жылдың шілдесіне дейін 3500-ден астам заңды тұлға 5 жылдық кезеңге арналған энергоаудит жүргізу жоспарын әзірлеуі тиіс. Сонымен қатар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша бесжылдық жоспарын жүзеге асыруы қажет», - деді А.Рау.

Соңғы жаңалықтар