36 млрд теңгені жымқырған шымкенттік «науқас» кәсіпкерлер сотталды
Сот отырысында белгілі болғандай, жеті адамнан құралған топтың мүшелері 2010 жылдан бері 16 жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашқан. Жалған кәсіпкерлікпен айналысқандар жеңіл ақшамен қалталарын қалыңдатып жүргені анықталды. Тіпті серіктестіктерді мүмкіндігі шектеулі немесе ауыр науқас адамдардың атына ашып, салықтан жалтарудың жолын тапқан. Қаржылық құйтырқыларды облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу басқармасының қызметкерлері әшкереледі. Оларға қатысты 44 қылмыстық іс қозғалған.
Әл-Фараби аудандық соты айыпталушыларды Қылмыстық кодекстің 262, 245, 218, 238 және 240-баптары бойынша кінәлі деп танып, үкім шығарды. Айыпталушылардың алды алты жарым жылдан он жылға дейін бас бостандықтан айыру жазасына кесілді. Ал қылмыстық топтың жетекшісі 10 жылға түрмеге жабылды.