+36 °С-тан үсікке дейін: қыркүйекте Қостанай облысында ауа райы күрт өзгереді
АСТАНА. KAZINFORM — Биыл қыркүйек айында Қостанай облысында ауа температурасы күрт өзгеріп, үсік түсіп, қатты жел тұрады деп болжанып отыр. Дегенмен айлық орташа температура климаттық нормада қалады.
Синоптиктердің консультативтік болжамы бойынша қыркүйектегі орташа температура +12…+15,6 °С болады, бұл ретте әдеттегі температура +11,3…+15,9 °С.
Айдың алғашқы онкүндігінде қатты аптаптан кейін ауа райының күрт суытуы болжанып отыр. Түнде температура +17…+22 °С-тан, облыстың батысында +13 °С-тан +1…+6 °С- ге дейін төмендейді. Жерде топырақтың бетіне қырау қатып, температура −1 °С-қа дейін қатуы мүмкін. Күндіз термометр бағанасы +31…+36 °С-тан +15…+20 °С-қа дейін төмендеп кетеді. Одан әрі күн қайтадан жылынады: түнде +8…+13 °С-қа, күндіз +22…+27 °С-қа дейін көтеріледі.
Айдың екінші онкүндігінде күн салқындайды деп болжанып отыр. Түнде температура +1…+6 °С-қа дейін төмендеп, топырақтың бетінде −1 °С қатқақ болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +15…+20 °С, облыстың солтүстігінде +9 °С болады. Бұдан соң температура түнде +6…+11 °С-қа, ал күндіз +20…+25 °С-қа көтеріледі.
Үшінші онкүндікте түнде температура +1…+6 °С болады деп болжанып отыр, бұл ретте облыстың солтүстік тарабында −3 °С-қа дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз температура +10…+15 °С болады деп болжанды. Әрі қарай қайтадан температура түнде +5…+10 °С-қа, күндіз +15…+20 °С-қа дейін жылиды.
Облыстың аз ғана бөлігінде жауын-шашын түседі деп болжанып отыр, яғни шамамен 7-31 мм аралығында, ал өңірдің солтүстік-шығысында шамадан тыс жауын-шашын түседі. Жаңбыр бірінші және екінші онкүндіктің ортасына таман, сонымен қатар үшінші онкүндіктің басында жауады деген болжам бар.
Соған қоса қыркүйекте синоптиктер желдің 15–20 м/с-қа дейін күшеюін жиі болжап отыр, ал айдың соңында тұман түсуі ықтимал.
Бұған дейін синоптиктер 18–20 тамызға ауа райы болжамын ұсынды.
Райхан Рахметова