4-6 шілде күндері Қазақстанның тау-кен металлургия кешені күндері өтеді

«Біз бұл съездің барлық елдердің делегаттарының басын қосатын қарапайым ғана іс-шара болғанын, сонымен қатар оның бекер өтуін әрі өзіндік есеп беру жиынына айналуын қаламаймыз», - дейді бүгін елордада аталған шараға орай өткізілген баспасөз мәслихатында Республикалық Тау-кен өндіру және тау-кен металлургиясы қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец.
Оның айтуынша, сондықтан да алқалы жиын барысында акционерлер, инвесторлар мен менеджерлердің, жұмысшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің саладағы өзекті мәселелерге қатысты пайымдары ортаға салынбақ. Сондай-ақ шара кезінде нарықта орын алып отырған тұрақсыздық жағдайында тау-кен металлургия секторындағы жұмыс орындарын кеңейту, Үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылатын тау-кен металлургияның салалық бағдарламаларының және қазақстандық қамтудың орындалуы да егжей-тегжейлі қаралатын болады.
«Біз бұл іс-шараға Мемлекет басшысының қатысқанын қалаймыз әрі шақыратын боламыз», - деді ол.