4 адамның ажалы судан келді -ТЖМ

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Соңғы бірнеше күн ішінде Алматы, Қостанай және Маңғыстау облыстарында суда 4 жазатайым оқиға орын алған.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен мәлім етті.

Алматы облысында Қапшағай су қоймасында шомылу кезінде 23 жастағы жігіт батып кетті. Оның мәйіті ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 3 маманы мен бір техникасының күшімен шығарылды.

Алматы облысының Кемертоған ауылында 4 жасар бала абайсызда суару арығына құлап, батып кеткен.

2 маусым күні Қостанай облысының Рудный қаласында Тобыл өзенінде 26 жастағы жігіт шомылу кезінде суға батып кетті. 45 минуттан кейін оның денесі ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 3 маманы мен бір техникасының күшімен шығарылды.

Маңғыстау облысында Каспий теңізіне шомылу кезінде 22 жастағы азамат суға кетті. Оның денесі тек келесі күні ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық ТЖД 7 маманы мен 1 техникасының күшімен судан шығарылды.

Соңғы жаңалықтар