4 ақпан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 4 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

туған күн
Фото: Kazinform

ЕСІМДЕР

63 жыл бұрын Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Берік Сайлауұлы ҚҰЛТАСОВ дүниеге келді.

Берік Сайлауұлы ҚҰЛТАСОВ
Фото: zhmb.sud.kz

Шымкент облысы Алғабас ауданының Бұғұн ауылында дүниеге келген. «Құқықтану» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі.

Еңбек жолы Талдықорған қалалық прокуратурасында аға тергеуші болып бастады. 1985 жылы Кеңес әскері қатарында болды. 1987-1991 жылдарыҚызылорда қаласы прокурорының көмекшісі, тергеу бөлімінің прокуроры, Қызылорда облыстық прокуратурасының аға тергеушісі қызметтерін атқарды. 1991-1992 жылдары ОҚО облыстық прокуратурасы ішкі істер департаментінде аға тергеуші, 1992-1994 жылдары Жамбыл облыстық прокуратурасының айрықша қауіпті қылмыстарды тергеу бөлімнің бастығы, 1994-1995 жылдары Жамбыл облысы, Жуалы ауданында прокурор, 1995-1996жылдары Жуалы ауданы МТК бөлім бастығы, 1996-1997 жылдары Жамбыл облысы МТКД басқарма бастығы қызметін атқарған. 1997-1998 жылдарыЖамбыл облысы ҰҚКД басқарма бастығының орынбасары, 1998-2000жылдары Тараз гарнизонда әскери прокурор, 2000-2001 жылдары ОҚО әскери прокуроры қызметінде болды. 2001-2002 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары, 2002-2008 жылдары Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары, 2008-2009 жылдарыМаңғыстау облысы прокурорының бірінші орынбасары болып қызмет етті. 2009-2012 жылдары ОҚО прокуроры, 2012-2013 жылдары Павлодар облысы прокурорының орынбасары, 2013 жылы Жамбыл облысы прокурорының орынбасары болып қызмет атқарған.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен (2001 ж)марапатталған. ҚР Прокуратурасының құрметті қызметкері.

60 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Молдабекқызы ҚАЛТАЕВА дүниеге келді.

Ләззат Молдабекқызы ҚАЛТАЕВА
Фото: А. Байжуманов / senate.parlam.kz

Қызылорда қаласында туған. 1983 жылы Бүкілодақтық сырттай өнер институтын графика және станок кескіндемесі мамандығы бойынша, 1991 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын сызу және бейнелеу өнері пәні мұғалімі мамандығы бойынша, 1997 жылы ҚМЭБИ жанындағы «Арман» оқу орталығын бағалы қағаздар бойынша мәмілелер жөніндегі маман ретінде, 2009 жылы Каспий қоғамдық университетін заңгер болып тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1987-1991 жылдары Алматы қаласы Фрунзе аудандық мүгедектер қоғамының хатшысы, 1997-2000 жылдары Алматы қаласының «ДАЭКО» ЖАҚ бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі маманы, 1998-2001 жылдары Алматы қаласындағы «Дәнекер» ЖАҚ бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі маманы, Алматы қаласындағы «Қазақстан-Аудит» ЖАҚ бағалы қағаздармен мәмілелер жасау жөніндегі маманы болып қызмет атқарған. 2001-2022 жылдары «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрайымы болды. 2006 жылдан бастап – «Алматы қаласы мүгедектер ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы. 2016-2021 жылдары Алматы қаласы мәслихатының депутаты қызметінде болған.

52 жыл бұрын (1973) Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Жолшыұлы БИКЕБАЕВ дүниеге келді.

Айдын Жолшыұлы БИКЕБАЕВ
Фото: kazpravda.kz

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990-1991 жылдары кеген облысындағы орта мектепте мұғалімболып бастаған.1996-1997 жылдары «КРАМДС Банк» Акционерлік банктіңтарату қызметін құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі заңгер, 1997 жылы«Казкоммерцбанк» ААҚ Заң департаменті инвестициялық бағдарламалардықұқықтық қамтамасыз ету бөлімінің заң кеңесшісі қызметін атқарды, 1997 жылдың қыркүйек-қараша айларында «Казкоммерцбанк» ААҚ Заңдепартаментінің екінші санатты заң кеңесшісі болды. 1997-1998 жылдары «Имашев и Партнеры» ЖШС Алматы филиалының несиелік операциялармен саудалық қаржыландыруды қамтамасыз ету секторының екіншісанаттағы заң кеңесшісі, 1998 жылы «Имашев и Партнеры» ЖШС Алматы филиалының инвестициялық жобаларды қамтамасыз ету секторыныңжетекші заңгері қызметін атқарды, 1998 жылы «Имашев и Партнеры» ЖШС Алматы филиалының жылжымайтын мүлік және банкинг бөлімінің басшысыболып қызмет атқарған. 1998-1999 жылдары «Агроорталық» ЖШС заң басқармасы басшысының орынбасары, 1999 жылы «Агроорталық» ЖШС директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінде болды. 1999-2002 жылдары «Саят, Жолшы, Дархан және Бадо» ЖШС директоры, 2002-2007 жылдары «Саят Жолшы және Серіктестер», УАК басқарушы серіктесі, 2006-2007 жылдары «НОМАД Иншуранс» сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, 2007 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары міндетін атқарушы болды. 2007 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2007-2008 жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, 2008 жылы «Жеке құқық институты» ЖШС директорының орынбасары, 2008-2009 жылдары «Жеке құқық институты» ЖШС директоры болып қызмет атқарған. 2009-2016 жылдары және 2017 жылдан бастап – Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі. 2015-2016 жылдары Каспий қоғамдық университетінің (КҚУ) «Әділет» жоғары заң мектебінің аға лекторы, 2016-2017 жылдары «Ресей Жинақбанкі» АҚ еншілес банкінің проблемалық қарыздармен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры, 2017 жылы «Ресей Жинақбанкі» АҚ еншілес банкінің Басқарма Төрағасының проблемалық қарыздармен жұмыс жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі болды. 2018 жылдан бері «Саят Жолшы және Серіктестер» адвокаттық кеңсенің басқарушы серіктесі/аға серіктесі. 2019-2021 жылдары Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының төрағасы қызметінде болған.

Қазіргі қызметін 2021 жылдың қарашасынан бастап атқарып келеді.

46 жыл бұрын (1979) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Марат Исламханұлы СЕКСЕМБАЕВ дүниеге келген.

Марат Исламханұлы СЕКСЕМБАЕВ
Фото: academy-gp.kz

Арқалық қаласында туған. 2000 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдады.

Еңбек жолы: 2000-2002 жылдары Қарағанды қаласы Совет аудандық прокуратурасында жұмыс істеді. 2002-2003 жылдары ҚР бас прократурасында аға прокурор, 2003-2004 жылдары ҚР Бас прокуратурасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасы бастығының орынбасары, 2004-2009 жылдары ҚР Бас прократурасында бөлім бастығы, басқарма бастығы, 2009-2010 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, 2010-2011 жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы қызметінде болды. ҚР ЭҚСЖКА Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаментінің бастығы болып қызмет атқарған. 2014-2015 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2015-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасы бірінші департаментінің бастығы, 2017-2021 жылдары Қарағанды облысының прокуроры, 2021-2022 жылдары ҚР Бас прокурорының аппарат басшысы қызметінде болды.

Қазіргі қызметінде 2022 жылдың қарашасынан бері.

3-ші дәрежелі «Ісіне адалдық» медалімен марапатталған.

44 жыл бұрын (1981) Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Бейсенбекұлы ҚАЗИЕВ дүниеге келді.

Мақсат Бейсенбекұлы ҚАЗИЕВ
Фото: gov.kz

Қарағанды облысында туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолы: 2003-2005 жылдары Алматы облысы Жамбыл аудандық сотының маманы, 2005-2006 жылдары Алматы облысы Алматы облысы Ішкі істер Бас басқармасының Жамбыл аудандық бөлімі анықтау бөлімшесінің анықтаушысы, 2006-2008 жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданы прокурорының көмекшісі, 2008-2009 жылдары Астана қ. «Алматы» ауданы прокурорының көмекшісі, 2009-2010 жылдары Астана қаласы прокуратурасының тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры болып қызмет атқарды. 2010-2012 жылдары ҚР Бас прокуратурасы департаментінің тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, аға прокуроры, 2012-2013 жылдары Ақмола облысы көлік прокурорының орынбасары, 2013-2014 жылдары ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаменті қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры, 2014-2016 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, 2016-2019 жылдары Қостанай қаласының прокуроры, 2019-2021 жылдары Қостанай облысы прокурорының орынбасары, 2021-2022 жылдарыҚызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметінде болды.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді.

116 жыл бұрын (1909-1998) ақын, драматург, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбділда ТӘЖІБАЕВ дүниеге келді. Қызылорда қаласында туған.

Әбділда ТӘЖІБАЕВ
Фото: adebiportal.kz

Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1932-1948 жылдары Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», республикалық «Жас алаш» газеттерінде редактордың орынбасары, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, төрағасы, Қазақстан ҒА Тіл және әдебиет институты Жамбыл бөлімінің меңгерушісі болды. 1948-1958 жылдары шығармашылықпен айналысты. 1959-1984 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, театр өнері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ә.Тәжібаевтың «Жүректілер» пьесалар жинағы, «Халқым туралы аңыз», «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез» атты драмалық дастандары, «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен жігіт», «Монологтар» атты драмалық шығармалары жарық көрген. «Дубай Шубаевич», «Той боларда» атты комедиялары бар. Ол әдебиеттану саласында да өнімді еңбек етті. Оның «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты зерттеуінде қазақ драматургиясының күрделі мәселелері жан-жақты қарастырылған. Ақынның «Жылдар, ойлар», «Жаданның хаттары», «Хаттар сөйлегенде», «Өмір мен ерлік» деген сын, эссе, проза кітаптарында әдебиет пен өнерге қатысты жайлар жөнінде толымды пікірлер айтылады. 1954 жылы Ә.Тәжібаевтың сценарийі бойынша «Жамбыл» фильмі түсірілді.

«Қазан төңкерісі», 2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған. 

Соңғы жаңалықтар