4 айда ішкі істер органдары қызметкерлеріне қоқан-лоқы жасаудың 373 фактісі тіркелді - ІІМ

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 4 айында ішкі істер органдары қызметкерлеріне қоқан-лоқы жасаудың 373 фактісі тіркелді.

4 айда ішкі істер органдары қызметкерлеріне қоқан-лоқы жасаудың 373 фактісі тіркелді - ІІМ

Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Ағымдағы жылдың 4 айында ішкі істер органдары қызметкерлеріе қарсы күш көрсету, бағынбау және тіл тигізу бойынша 373 факті анықталды. Соған сәйкес 183 адам әкімшілік жазаға тартылса, 171 қылмыстық іс қозғалып, 6 адам сотталды», - деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау, қылмыстың жолын кесу кезінде қарсылық көрсету нәтижесінде 19 полиция түрлі жарақат алған.