16:31, 18 Мамыр 2016 | GMT +6
4 айда «Нұрлы жол» аясындағы қаржының тек 8 пайызы игерілген - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 ай ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасының жылдық бюджетіне сай бөлінген қаржының тек 8 пайызы игерілген. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
Естеріңізге сала кетейік, Ақорданың «Твиттер» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы хабарлағандай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада мемлекеттің 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына арналған кеңес өткізуде.