4 қаңтар. Жылнама
Kazinform оқырман назарына 4 қаңтарға арналған атаулы күндер мен есте қалар оқиғалар күнтізбесін ұсынады.
АТАУЛЫ КҮНДЕР
Дүниежүзілік гипноз күні
Дүниежүзілік гипноз күнін атап өтуді 2004 жылы америкалық спикер, жазушы, сертификатталған гипнотерапевт және гипноз нұсқаушысы Том Николи және АҚШ пен басқа елдерден келген кәсіби гипноз терапевтерінің Дүниежүзілік гипноз күні жөніндегі комитеті бастады. Қазіргі әлемде гипноз емдік мақсатта және ойын-сауық түрі ретінде қолданылады. Бірінші жағдайда гипнозды қолдану гипнотерапия деп аталады, ал екіншісінде гипноз сатысы. Гипнотерапия әртүрлі психологиялық және физикалық бұзылуларды емдеуде әртүрлі дәрежеде жетістікте болды.
Халықаралық Брайль күні
1809 жылы француз тифлопедагогі Луи Брайль дүниеге келген. Ол зағиптарға арналған бедерлі-нүктелі шрифт ойлап тапты.
Ньютон күні
Бұл күнді атақты ағылшын ғалымы Исаак Ньютонның туған күнінде жаратылыстану ғылымдарының зерттеушілері, ғалымдар, студенттер, сондай-ақ ғылыми тәжірибе жасағанды жақсы көретін әуесқойлар жыл сайын атап өтеді. И. Ньютон ойлап тапқан бүкіләлемдік тартылыс заңы мен механиканың үш заңы классикалық механиканың негізін қалады.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1995 жылы Трансазиялық темір жолдың Шу стансасынан Арыс стансасына дейінгі 582-шақырымдық электр желісіне қосылған учаскесі ашылды. Ол іске қосылған соң республиканың солтүстік және оңтүстік аймақтарын байланыстыратын транс қазақстандық темір жолдың электрификациясы аяқталды.
2000 жылы Қазақстан Есiрткi заттар бойынша комиссияға (ЕЗК) мүше болды. ЕЗК БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтiк кеңесінің 1946 жылғы қарарымен құрылған. Комиссия - БҰҰ-ның жүйесіндегі орталық орган. Ол халықаралық есiрткiні бақылау төңiрегiндегі халықаралық бiрлестiктiң саясатын анықтайды. ЕЗК БҰҰ-ның басқармасына ұсыныс беру ғана емес, жеке елдердің есiрткiге қарсы қызметтінің сұрағы бойынша кепілдемелер беруге құқылы.
2013 жылы Астанада Мемлекет тарихы институтында Қазақстанның көрнекті қайраткерлері туралы «Ұлы дала тұлғалары» сериясындағы кітаптар таныстырылды.
2015 жылы Ақмола облысының Қажымұқан ауылында қазақтың атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовқа ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің биіктігі - 3,6 метр, ол 3,2 метрлік тұғырдың үстінде тұр. Ескерткіш демеушілік қаржы есебінен орнатылды.
2017 жылы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына тұрақты емес мүшесі ретінде алғаш рет қатысты. Онда Қауіпсіздік Кеңесінің 2017 жылғы қаңтарға арналған жұмыс бағдарламасы бекітілді. Қазақстан атынан БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілінің орынбасары Барлыбай Садықов өкілдік етті.
2018 жылы Ақмола облыстық мәдениет басқармасы жанындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану бойынша орталықтың ұйымдастыруымен «Ескерткіштер сыр шертеді» акциясы және қазіргі заманғы технология QR-кодтардың көмегімен өңірдегі киелі нысандар туралы ақпаратты цифрландыру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды. Акция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған. Бұл өңірдегі көрікті жерлер туралы мәліметтердің облыс тұрғындары мен қонақтарына және туристер үшін қолжетімді болуына септігін тигізбек.
2019 жылы Қазақстандық «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу орталығы (КАЗЦЕНТ) халықаралық бітімгерлік операцияларға қатысу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан сертификаттар мен әлем бойынша бітімгерлерді «Азаматтарды қорғау» және «БҰҰ штаб офицерлері» курстарында дайындау құқығына ие болды. БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде БҰҰ-ның Бас хатшысының бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялары бойынша орынбасары Жан-Пьер Лакруа қазақстандық нұсқаушылар әзірлеген және КАЗЦЕНТ негізінде жүргізілген бітімгерлік курстарының БҰҰ стандарттарына сәйкестігін тану туралы құжаттарына қол қойды.
2020 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Айбынды Алтын Орда» кітап көрмесі өтті. Экспозиция үш бөлімнен құралған: Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, оның даму тарихы және ыдырауы.Көрмеде Алтын Орданың құрылуы, тарихы жайында сыр шертетін 160-қа жуық кітап, фотосурет, карта мен цитаталар ұсынылған.