Қытай чемпионатында 4 қазақ боксшы жүлдегер атанды

АСТАНА.KAZINFORM - XV кезекті бүкілқытайлық спартакиадасының бокс жарыстары 14 қараша күні өз маресіне жетті.

қазақ боксшысы Қытайда чемпион болды
Фото: Синьхуа

14 күнге созылған байрақты бәсекеде ұлты қазақ төрт боксшы жүлде тұғырынан көрінді. Олардың қатарында Ердәулет Майланбек (71 келі) және Байқоныс Данабек (+92 келі) алтын медаль иеленді.

Сонымен қатар, Бейжің қаласы атынан шаршы алаңға шыққан Ұлпар Қарқын (71 келі) күміс медаль, ал Ербол Үсен (80 келі) қола медаль жеңіп алды.

Айта кетерлігі, Азия ойындарының чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Тоқтарбек Таңатқан ширек финалда сүрінді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақ спортшы Ерқанат Айтнамаұлы конькимен жүгіру спортынан Қытай ұлттық құрамасы сапына қосылды.

Қазақ боксшысы Қытайда чемпион болды
Фото: Синьхуа

 

 

Соңғы жаңалықтар