4 мамыр күні Қазақстанның солтүстік батысы жаңбырлы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек батыс, солтүстік батыста және осы аймақтың кейбір жерлерінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

4 мамыр күні Қазақстанның солтүстік батысы жаңбырлы болады

Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік шығыста шаң көтеріледі. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23 метрге жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, облыстарының бірқатар аудандарында желдің күші секундына 15-20 метр болады. Жамбыл облысында шаң көтерілуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желі секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Астанада күн құбылмалы, жауын жаумайды. Батыстан, оңтүстік батыстан жылдамдығы секундына 9-14 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.

Алматыда да күн құбылмалы, жауын жаумайды. Желдің күші секундына 0-5 метр болады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, түнде +21+23°С.