08:06, 16 Қыркүйек 2015 | GMT +5
4 мың жыл бұрынғы мысырлық көне жазба табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгиялық ғалымдар реттелмеген мұрағат арасынан ең ұзын мысырлық манускрипт тапты, оның жасы 4 000 жылды құрайды.

Екі жағы терімен қапталған кітап Каирде мысырлық мұражай кітапханасынан табылды. Ұзындығы екі жарым метр кітапта Орта патшалық басындағы «Екі жол кітаптарынан» мәтіндер келтірілген, суреттер бейнеленген. Онда о дүниелік патшалық жайлы айтылады және көптеген жерлеу рәсімдері келтірілген.
Ғалымдар жәдігерді «Екі жол кітаптарының» түпнұсқалық көздерінің бірі болуы мүмкін деп санайды. Себебі манускрипт теріден жасалған, ол папируске қарағанда жоғары бағаланған, деп хабарлайды epochtimes.ru.