4 наурыз. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 4 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

68 жыл бұрын (1958) Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Білім беруді тұрақты дамыту қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Күләш Ноғатайқызы ШӘМШИДИНОВА дүниеге келді.

Күләш Ноғатайқызы ШӘМШИДИНОВА
Фото: nis.edu.kz

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын орта мектептің мұғалімі болып бастап, Киров аудандық комсомол комитетінің хатшысы, Гвардия аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Талдықорған облыстық комсомол комитетінің хатшысы, Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1996-2002 жылдары Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2005 жылдары ҚР Білім және ғылым вице-министрі, 2005-2007 жылдары «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры, 2007-2009 жылдары ҚР Білім және ғылым вице-министрі, 2009-2019 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Басқарма төрайымы, 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрі, 2019-2023 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Басқарма төрайымы қызметінде болды.

«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Руслан Фатихұлы ЖАҚСЫЛЫҚОВ дүниеге келді.

Руслан Фатихұлы ЖАҚСЫЛЫҚОВ
Фото: gov.kz

Алматы облысы Қаскелең қаласында туған. И. С. Қонев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, М. В. Фрунзе атындағы Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын бітірген.

1987-2006 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінің взвод командирінен әскер құрамасының командиріне дейінгі дәрежеге жетті. 2006-2007 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары, 2007-2008 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары — Бас штаб бастығы қызметтерін атқарған. 2008-2013 жылдары ҚР ІІМ ішкі әскер бас қолбасшысы, 2014-2021 жылдары Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметінде болды. 2021-2022 жылдары — ҚР Ішкі істер министрінің орынбасарыы — Ұлттық ұланның бас қолбасшысы.

2025 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

КСРО және Қазақстан Республикасының 14 медалімен марапатталған.

32 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Наурыз Саятұлы САЙЛАУБАЙ дүниеге келді.

Наурыз Саятұлы САЙЛАУБАЙ
Фото: saraishyq.kz

Жетісу облысы (Алматы облысы), Ақсу ауданы, Көкжайдық ауылында дүниеге келген. 2011-2015 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің дінтану факультетінде білім алған.

Еңбек жолы: 2017-2018 жылдары облыс аумағында діни мәселелерді зерделеу және діни инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру бөлімінің, Көксу ауданы бойынша инспекторы, 2017-2018 жылдары «Алматы облысы жастар ресуртық орталығы» КММ-нің филиалы «Талдықорған қаласы жастар ресурстық орталығы» мекемесінің кеңесші маманы, 2018-2019 жылдары «Алматы облысы жастар ресуртық орталығы» КММ-нің Рухани адамгершілік, құқтық тәрбие беру бөлімінің кеңесші маманы, 2019-2021 жылдары «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Респуликалық штабы» Алматы облысы бойынша I-дәрежелі менеджері, 2022 жылы «Алматы облысы жастар ресурстық орталығы» КММ-нің филиалы «Талдықорған қаласы жастар ресурстық орталығы» жетекшісі, 2022-2023 жылдары «Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасы» ММ-нің «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ-нің директерының орынбасары қызметін атқарған.

2023 жылғы наурыздан бастап VIII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. «ЖСДП» партиясының партиялық тізімі бойынша сайланды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум