4 наурызда елдегі қай жолдар жабық

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

дорога, трасса, автомобиль, жол, көлік
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі автожолдарда барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді:

Қызылорда облысы

• «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — ҚХР шекарасы» автожолының 1474-1912-шақырым аралығы (Әйтеке би ауылы — Бәйгеқұм ауылы учаскесі).

Павлодар облысы

• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Шығыс Қазақстан облысы

• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, Қазгидромет 4 наурызда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум