4 облыста инвестиция тарту көрсеткіші төмендеп кеткен

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында инвестиция тартуда сылбырлық танытып жатқан өңірлерді атады.

Павлодар вилоятига жалб қилинган инвестициялар 9 мингта иш ўрни яратиш имконини беради
Фото: Anna Nekrashevich/Pexels

«Инвестиция көлемі байланыста 81,7%-ке, оның ішінде білім беруде – 79,3%-ке, көлікте – 31,1%-ке, өңдеу өнеркәсібінде – 6,3%-ке, денсаулық сақтауда – 4,8%-ке өсті. Үздік көрсеткіштер Алматы, Жетісу, Павлодар, Қызылорда және Түркістан облыстарында байқалады. Бұл ретте Атырау, Ақмола, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында инвестициялардың айтарлықтай төмендеуі байқалады», - деді министр.

Вице-премьер жылдың 8 айында сыртқы сауда айналымы 91,7 млрд доллар болғанын атап өтті.

«Экспорт 53,5 млрд долларға, оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты 17,8 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 38,1 млрд доллар болды. Оң сауда балансы 34,8%-ке өсіп, 15,4 млрд долларға дейін ұлғайды», - деді Нұрлан Байбазаров.

Соңғы жаңалықтар