4 облыстағы 6 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жылғы 5 наурыз сағат 18:00 жағдай бойынша 4 облыстағы 6 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» мекемесі.

Ақтөбеде жел күшейіп, бірнеше жол жабылды
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ Kazinform

Шектеу қойылған жолдар:

Ақтөбе облысы:
- «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 104-337 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Атырау облысының шекарасы);

- «Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 14-104 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қандыағаш қаласы);

- «Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы» автожолының 526-675 шақырым аралығы (БҚО шекарасы - Сарытоғай ауылы);

- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қызылорда облысының шекарасы).

Атырау облысы:
- «Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы» автожолының 337-517 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Доссор а.).

Батыс Қазақстан облысы:
- «Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы).

Қызылорда облысы:
- «РФ шекарасы - Мартөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қаласы).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 852 арнайы техника мен 2125 маман жұмылдырылды.

Осыған дейін Атырау облысында ауа райының қолайсыздығынан екі бағыттағы жол жабылғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар