4 СӘУІР . ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 4 сәуірге арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

4 СӘУІР, ЖҰМА

Сенегал Республикасының мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1960 жылғы сәуірдің 4-де Франция Сенегалға Франция қауымдастығы шеңберінде өкілділік берді. Осы жылғы тамыздың 20-да Сенегал Тәуелсіздігін жариялады. Сенегал Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және солтүстік-шығысында Мавританиямен, шығысында Малимен, оңтүстігінде Гвинея Республикасымен, Гвинея-Бисаумен шектеседі. Батысы Атлант мұхитымен шайылады. Әкімшілік жағынан 10 облысқа бөлінеді. Астанасы - Дакар қаласы. Ресми тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - Африка қаржы қауымдастығы франкі.

Веб-бағдарламашылар күні.

Испаниядағы баскілердің ұлттық мейрамы. Баскілер - Францияда, Аргентинада, Бразилияда, Мексикада тұратын халықтар, Үлкен еуропа нәсіліне жатады. Испан, француз, баск тілдерінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Бұл халықтардың арғы тектері - васкон, вардул, каристи тайпалары.

Мина қауіпсіздігі және минаны залалсыздандыруға қатысты көмектің халықаралық күні. 2006 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен атап өтіледі.

Қытайда Цинмян мерекесі. Сәуірдің 4-і мен 6-сы аралығындағы бір күні аталып өтіледі. Ертеректе осы күні олар өздерінің ата-бабаларын еске түсірген. «Цинмян» мерекесін сонымен қатар «Тациндзе» деп те атайды. Ол алғашқы көк шыққан кезде қыдыру күні деген мағына береді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

8 4 жыл бұрын (1930) ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) алқасының үкімімен Ахмет Байтұрсынов бастаған қырыққа жуық адам әртүрлі мерзімдерге қамалуға, жер аударылуға кесілді. Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мырзағали Есболов, Хәлел Ғаббасов, Дінмұхамед Әділов, Жүсіпбек Аймауытов, Ғазымбек Бірімжанов, Әбдірахман Байділдин, Асқар Дулатов, Теміржан Есмағамбетов, т.б. (барлығы 20 адам) ату жазасына кесілді. Ол үкім кейін он жыл мерзімге лагерьде жазасын өтеуге ауыстырылды.

2 2 жыл бұрын (1992) Алматыда ТМД елдерінің мемлекеттік қауіпсіздік және барлау органдарының арасындағы ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге қол қойды.

20 жыл бұрын (1994) «Қазақстан телеарнасы және радиосы» республикалық корпорациясы құрылды.

20 жыл бұрын (1994) Корей Халықтық Демократиялық Республикасында «Сәуір көктемі» атты халықаралық фестиваль өтті. Онда «Отырар сазы» ансамблі (жетекшісі - Нұрғиса Тілендиев) бірінші орын алды.

1 9 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Ұлттық саясат жөніндегі мемлекеттік комитетін құру туралы» Жарлығы баспасөз бетінде жарық көрді.

1 8 жыл бұрын (1996) алғашқы Балқаш алтын құймасы алынды.

1 7 жыл бұрын (1997) Жамбыл университетіне белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес облыстардың тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын «Тарих-и Рашиди», «Джаһаннаме» дастандарының авторы Мұхаммед Хайдар Дулати есімі берілді.

8 жыл бұрын (2006) Мәскеудегі Чистопрудный бульварында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен Абай ескерткіші ашылды. Абай ескерткіші Қазақстан халқының Мәскеу қаласына жасаған сыйлығы, жалпы құны 160 млн. 800 мың теңгені құрайды. Ескерткіш жобасын қазақстандық мүсінші М.Әйнеков пен дизайнер Т.Сүлейменов басшылық жасаған авторлық топ жасаған.

8 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудің құрыш және қорытпалар мемлекеттік институтының профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесуге Мәскеудің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер, институттың профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Оның барысында институттың ректоры Юрий Карабасов Қазақстан басшысына Мәскеу құрыш және қорытпалар мемлекеттік институтының құрметті профессоры атағы берілгенін хабарлады. Президентке диплом, Құрметті профессор белгісі, мантия және институт ордені тапсырылды. Марапаттау рәсімінен кейін сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев ғалымдар кеңесіне алғысын білдірді, институттың даңқты дәстүрлері туралы айтты және оны бітірушілердің біразы Қазақстанда табысты еңбек етіп жатқандарын атап көрсетті.

8 жыл бұрын (2006) Мекке қаласында Қос киенің шырақшысы Сауд Арабиясының Королі Абдалла бен Әбділ Әзіздің қамқорлығымен "Ислам үмбетінің бірлігі" атты мұсылман-ғұламаларының бірінші халықаралық конференциясы өтті. Форум жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі қатысты. Конференцияға әлемнің 150 мемлекетінен келген атақты ислам ғалымдары, дін істері жөніндегі министрлері, ислам орталықтары мен ұйымдарының басшылары қазіргі заманның қауіптері аясындағы мұсылман бірлігін нығайту жолдарын талқылады.

7 жыл бұрын (2007) Семей облысының 1939-1997 жылдардағы әкімшілік-аумақтық бөліну тарихы туралы бірегей анықтама жарық көрді.

Анықтамада мерзімдік ретте барлық әкімшілік-аумақтық өзгерістер, аудандардан бастап елді мекендерге дейін әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын өзгертулері көрсетіліп берілген.

Кітапқа енгізілген барлық мәліметтер Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихының құжаттама орталығында сақталған ресми құжаттар негізінде алынған.

6 жыл бұрын (2008) Қазақстанның Көлік және коммуникация министрлігінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін қайта жаңғырту жобасының таныстырылымы өтті.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі осы аймақтағы жүк тасымалының негізгі бағыты болады. Дәліз заманауи зияткерлік жүйелер мен логистикалық орталық қызметтерін қамтыған жоғары деңгейлі қызметтер көрсетеді. Дәліздің кейбір учаскелерінде жоспарланып отырған ақылы жолдар жүйесі көрсетілетін қызметтің сапасы мен жеделдігін қамтамасыз етпек. Жоба жүк тасымалының үш басты бағытына: Қытай-Орталық Азия, Қытай-Қазақстан, Қытай-Ресей-Батыс Еуропа бағыттарына қызмет көрсететін болады.

6 жыл бұрын (2008) Семейде диагностикалық орталықта Виктор Чувилевке арналған мемориалдық тақта ашылды. Бұл адам қалалық және облыстық бірқатар медициналық мекемелердің қалыптасуына өз үлесін қосты. Ол өзінің еңбекқорлығымен және адамдарға деген ықыласымен шүбәйсіз абырой мен тұрғындардың ықыласына бөленді.

6 жыл бұрын (2008) Алматыда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Ресейлік «Нобель дәрістері - 100 жыл» қоры Нобель сыйлығының 1901-2000 жылдар аралығындағы лауреаттарының еңбектерінен тұратын 50 томдық кітаптар топтамасымен «Нобель дәрістері» атты көрме стендісін сыйға тартты. Әлемде бұдан бөлек Нобель сыйлығы иегерлері еңбектерінің толық топтамасы кездеспейді. Топтама өткен 100 жылдықтағы химия, физика, медицина, әдебиет, бейбітшілікті нығайту мен экономика ғылымдарындағы ең жоғарғы жетістіктер мен көрнекті ғылыми-техникалық ашылуларды бейнелейді.

65 жыл бұрын (1949) Вашингтонда АҚШ, Бельгия, Ұлыбритания, Голландия, Дания, Исландия, Италия, Канада, Люксембург, Норвегия, Португалия және Франция мемлекеттері Солтүстік Атлантикалық шартқа қол қойып, НАТО әскери-саяси блогы құрылды. 1952 жылы шартқа Грекия мен Түркия, 1955 жылы Германия Федеративтік Республикасы, 1982 жылы Испания, 1999 жылы Венгрия, Польша, Чехия қосылды. 2004 жылы Болгария, Латвия, Литва, Румыния, Словакия, Словения, Эстония мемлекеттері НАТО-ға мүшелікке өтті. Барлық мүше мемлекеттердің елшілері деңгейіндегі өкілдерден тұратын Солтүстік Атлантикалық Кеңес (НАТО кеңесі) НАТО-ның жоғары саяси органы болып табылады. Жылына екі рет НАТО Бас хатшысының төрағалығымен кеңес өтеді. НАТО кеңесінің штаб-пәтері Брюссель (Бельгия) қаласында орналасқан.

ЕСІМДЕР

10 4 жыл бұрын (1910-1987) ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Социалистік Еңбек Ері СОКОЛЬСКИЙ Дмитрий Владимирович дүниеге келді.

Иран Ислам Республикасында туған. Мәскеу мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген.

Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет) доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі, проректоры, Қазақстан Ғылым Академиясының Химия ғылымдары институты директорының орынбасары, Қазақстан Ғылым Академиясының бірінші вице-президенті, Органикалық катализ және электрхимия институтының директоры қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері каталитикалық гидрогендеу теориясы мен тиімділігі жоғары гидрлеу катализаторларын жасауға, гидратациялау, тотықтыру және кіші молекулалар негізінде синтездеу процестеріне, іргелі және қолданбалы ғылымды ұштастыруға арналған. Оның басқаруымен күрделі органикалық заттарды (майлар, хош иісті заттар, витаминдер) талғамдап гидрлейтін, автокөліктер мен көптеген өнеркәсіпте кеңінен қолданылатын өндірістік катализаторлар жасалды.

1800-ден аса ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 20 шетелдік патенті, 500 авторлық куәлігі және 18 монографиясы бар.

Екі рет Еңбек Қызыл Ту, Ленин, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері.

7 7 жыл бұрын (1937-2010) жазушы, аудармашы, түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі КЕЛІМБЕТОВ Немат дүниеге келді.

Өзбекстанның Ташкент облысына қарасты Жаңажол қаласында туған. 1953 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының (қазіргі Сарыағаш ауданы) Абай селосындағы қазақ орта мектебін бітірген. Ташкент қаржы-экономика институтын (1959), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (сырттай оқу бөлімін) журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған (1966). 1959-1960 жж. Қостанай облысының мемлекеттік банкісінде экономист-инспектор, 1960-1962 жж. Оңтүстік Қазақстан облысының Келес және Сарыағаш аудандық газеттерінде әдеби қызметкер. 1962-1965 жж. - Қазақ ССР Ғылым академиясының экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, 1965-1970 жылдары - «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, 1970-1973 жж. - Қазақ ССР Министрлер Кеңесінде референт, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы Әдебиет, өнер және сәулетшілік салалары бойынша Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комиссиясының жауапты хатшысы болып қызмет істеген. Кейін «Қазақстан» баспасында редактор (1976-1981), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында профессор (1981-1997ж.), Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ тілі кафедрасында профессор (1997-2002). «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (1986), «Ежелгі дәуір әдебиеті» (1991, 2005), «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы» (1998), «Қазақ әдебиеті бастаулары» (1998), «Көркемдік дәстүр жалғастығы» (2000), «Ежелгі әдеби жәдігерліктер» (2005), т.б. зерттеу еңбектері жарық көрген. Түркі халықтары әдебиетін, Шығыс классик поэзиясын және қазақ әдебиетінің ежелгі жәдігерліктерін қарастырған жүзден астам ғылыми-зерттеу мақалаларында қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы, типологиялық, үндестік көріністері талданған. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арнап жазылған бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі көркемдік дәстүр жалғастығы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. (2001). Көркем әдебиет саласындағы туындылары: «Үміт үзгім келмейді» (1981), «Жарлы емеспін, зарлымын» (2001) деген хикаяттары және «Ұлыма хат» (2005), «Қариялар» (2007) атты эсселері жарық көрген. Сондай-ақ біраз жылдар бойы көркем аударма жасаумен де айналысты. Армян жазушысы Леонид Гурунцтың «Шіркін біздің Шушикент» хикаятын (1971), украин қаламгері Василь Козаченконың «Найзағай», «Ажалханада салынған суреттер» хикаяттарын (1979), өзбек қаламгерлері Саид Ахмадтың «Көкжиек» романын (1981), Пірімқұл Қадыровтың «Жұлдызды түндер» романын (1986) қазақ тіліне тәржіма жасады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық Ғылымдар академиясының академигі, Күлтегін атындағы сыйлықтың иегері (2005), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2001), Украинаның «Почесна відзиака» («Құрмет белгісі») медалімен марапатталған (2008). Шығармалары: Көркем шығармалары. Үміт үзгім келмейді. Хикаят-монолог. А., «Жалын», 1981; Жарлы емеспін, зарлымын. Хикаяттар. А., «Санат», 2001; Река жизни. Повесть-монолог. А., «Жазушы», 2003; Не хочу терять надежду. Повесть-монолог. М., «Русская новь», 2006; Қариялар. Эссе. А., «Атамұра», 2007; Үміт үзгім келмейді. Хикаят-монолог. Ұлыма хат. Эсссе. А., «Раритет», 2005; Үміт үзгім келмейді. Хикаят-монолог. Ұлыма хат. Эссе. (украин тілінде). Киев, «Днепро», 2008; Күншілдік. «Атамұра», А. 2009. Көркем аудармалары. Леонид Гурунц. Шіркін біздің Шушикент. Хикаят. А., «Жазушы», 1977; Василь Козаченко. Найзағай. Ажалханада салынған суреттер. Хикаяттар. А., «Жазушы», 1979; Саид Ахмад. Көкжиек. Роман. А., «Жазушы», 1981; Пірімқұл Қадыров. Жұлдызды түндер. Роман. А., «Жазушы», 1986; Әдебиеттану саласындағы ғылыми зерттеулері. Шәді ақын. Зерттеу. А., «Жазушы», 1974; Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. А., «Мектеп», 1986; Ежелгі дәуір әдебиеті. «Қазақ әдебиеті тарихы» сериясының бірінші кітабы. А., «Ана тілі», 1991; Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғасытығы. Монография. А., «Ғылым», 1998; Қазақ әдебиеті бастаулары. Зерттеу. А., «Ана тілі», 1998; Древний период историй казахской литературы. А., «Санат», 1998; Көркемдік дәстүр жалғастығы (Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиеті бастаулары). Зерттеу. Астана. «Елорда», 2000; Ежелгі әдеби жәдігерліктер. Зерттеу. Астана. «Фолиант», 2004; Ежелгі әдеби жәдігерліктер. (Толықтырылған басылымы), А., «Алатау», 2005; Ежелгі дәуір әдебиеті. (Толықтырылған басылымы), А., «Атамұра», 2005.

7 6 жыл бұрын (1938) өнертанушы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақ мәдениет қорының вице-президенті ҚҰМАРОВА Сәбила Бекжанқызы дүниеге келді.

Гурьев қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін, КСРО Көркемурет академиясы жанындағы И.Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтын бітірген. «Қазақфильм» жанындағы Ш.Аймановтың актерлік шеберханасында білім алды.

Көптеген кітаптардағы, альбомдардағы, бүкілодақтық және республикалық мамандандырылған журналдардағы, Қазақ энциклопедиясындағы, «Алматы» энциклопедиясындағы және басқа да басылымдардағы мақалалардың авторы.

Мәскеуде өткен Бүкіләлемдік жастар мен студенттер фестиваліне, Мәскеудегі Қазақ әдебиеті мен өнері онкүндігіне қатысушы. Алматы қаласы қалалық, аудандық комсомол комитеттерінде және Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінде, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде жұмыс істеді, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болды.

5 6 жыл бұрын (1958) ҚР еңбек сіңірген әртісі Қ УАНЫШЕВА Жанна Жорақызы дүниеге келді. «Отандық «Қиылыс» және «Шегіртке» фильмеріндегі рөлдерімен таныс.

2012 жылы «Қазақфильм» студиясындағы шығармашылық қзметіне 40 жыл толды. 20-дан астам фильмдерге түскен. 1976 жылы Бішкек қаласындағы Бүкілодақтқ кинофестивальде «Таңдаулы әйел рөлі» үшін сыйлыққа ие болды.

4 7 жыл бұрын (1967) Кеңес Одағының Батыры, ауғандық жауынгер, КРЕМЕНИШ Николай Иванович дүниеге келді.

Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. 1985 жылы Кеңес Амиясы қатарына шақырылды. Ауғанстандағы кеңес әскерлері контингентінде қызмет атқарды. 278-инженерлік-саперлік батальон командирінің орынбасары болды.

1986 жылы мамыр айынан бастап жиырма алты соғыс операцияларына қатысты. Елу жеті мина мен он екі фугасты тауып, зарарсыздандырды. Ұрыстардың бірінде взвод командирі аға лейтенант О.И.Петровтың өмірін қорғап қалды. 1988 жылғы 5 мамырдағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Ауғанстанда интерационалдық борышын атқаруда ерлік пен батырлық көрсеткені үшін запастағы сержант Николай Иванович Кременишке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Екібастұз қаласында батырдың құрметіне мемориалдық тақта орнатылған, осы қаладағы №21 мектепке Батырдың есімі берілген.

40 жыл бұрын (1974) боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем және Олимпиада ойындарының чемпионы ЖИРОВ Василий Валерьевич дүниеге келді.

Қарағанды облысы Балқаш қаласында туған. Алғашқы жаттықтырушысы - В.Апачинский. 1989-1991 жылдары жасөспірімдер арасында Республиканың, КСРО-ның чемпионы атанған. 1993-1995 жылдары Дүниежүзі біріншілігінің күміс (Берлин), қола (Будапешт), 12-ші Азия ойындарының (Хиросима) қола жүлдегері, Орталық Азия елдерінің бірінші ойындарының, Азия құрлығының жеңімпазы болды. 1996 жылы Атланта (АҚШ) қаласында өткен 26-ші Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. 26-ші Олимпиада ойындарында ең үздік боксшыға берілетін Бэлл Баркер кубогын жеңіп алды. 1997 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 36-ында жеңіске жеткен, оның 30-ы нокаут. Василий Жиров ІВҒ версиясы бойынша кәсіпқойлар арасындағы Әлем чемпионы. 2001 жылы Американың танымал басылымы «USA Today» «Балқаш барысы» атанған боксшыны барлық салмақ санаты бойынша ең үздік кәсіби боксшы деп атады.

«Парасат» орденімен марапатталған.

3 4 жыл бұрын (1980-2000) Сиднейде өткен XXVII-ші Олимпиадада бокстан чемпион болған САТТАРХАНОВ Бекзат Сейілханұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында туған.

1998 жылы өткен әлем чемпионатының, 1999 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған.

8 6 жыл бұрын (1928) кеңестік және ресейлік театр және кино актрисасы, педагог, КСРО халық әртісі БЫСТРИЦКАЯ Элина Авраамовна дүниеге келді.

7 6 жыл бұрын (1938) ресейлік ақын, ән мәтіндерінің авторы, Ресей халық әртісі РЕЗНИК Илья Рахмиэлевич дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар