4 тамыз. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 4 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
67 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Бекболат Серікбекұлы ОРЫНБЕКОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. Қазақ политехникалвық институтын (инженер-электрик) және Агротехникалық институтты (экономист-бухгалтер) бітірген.
1979 жылдан біраз жылдар бойы- №110 Қаратау кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы, өндіріс шебері, директордың орынбасары. 1992-1993 жылдары - «Қаратау» қауымдастығының бас директоры. 1994-1997 жылдары - «Бірлік» кәсіпорнының директоры. 1997-1998 жылдары - «Жамбылавтожол» коммуналдық кәсіпорнының жетекші маманы. 1999-2003 жылдары - Қаратау қаласы әкімінің орынбасары. 2003-2010 жылдары - Талас ауданы Қаратау қаласының әкімі. 2010 жылы - Сарысу ауданының әкімі. 2010-2013 жылдары - Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімі. 2013-2020 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары.
Қазіргі қызметінде 2020 жылдың тамыз айынан бері.
56 жыл бұрын (1968) Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Талғат Амангелдіұлы МОМЫШЕВ дүниеге келді.
Көкшетау облысы Щучинск қаласында туған. Жамбыл гидромелиоративтік - құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1994-1997 жылдары «Қарахан» БК Атқарушы директоры. 1997-1998 жылдары Жамбыл стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының бөлім бастығы, директордың орынбасары. 1998 жылы «Интержүйе» ЖШС президенті болды. 1998-1999 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.1999-2000 жылдары Жамбыл облыстық Инвестициялар және Сыртқы экономикалық байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы. 2000-2003 жылдары «Метрология» РМК-ның Алматыдағы филиалының директоры. 2003-2005 жылдары «Қазсертико» МҒПО РМК директорының бірінші орынбасары, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының бастығы. 01.2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (2010 жылдан бері Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары. 2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2018-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі аппаратының басшысы (01.2021-10.2021). Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.
2024 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
51 жыл бұрын (1973) «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Бауыржан Шұбайұлы АРТЫҚОВ дүниеге келді.
Шымкент облысы, Сайрам ауданы Самсоновка ауылында туған. Алматы жоғары құрама қару-жарақ командалық училищесін (1994), «Қайнар» университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірген (2006); Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, «Әскери және әкімшілік басқару» мамандығы (2008); Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, «Әскери істердегі стратегиялық менеджмент» мамандығы бойынша бітірген (2019).
Еңбек жолы: взвод командирінен Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығына дейінгі лауазымдарда қызмет етті; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары басқармасының бастығы (02.2023-02.2024).
2024 жылдың ақпан айынан бері қазіргі қызметінде.
Мінсіз қызметі үшін ІІ дәрежелі «АЙБЫН» орденімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.
49 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры Ербол Қанатұлы ОСПАНОВ дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2004 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
2020 жылы Лондон Корольдік колледжінде (Ұлыбритания) Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтті. Еңбек жолы: 1998-1999 жылдары Астана қаласы әкімдігінің экономика басқармасының жетекші маманы. 1999 жылы Астана қаласы әкімдігінің экономика және шағын бизнесті дамыту департаментінің бас маманы болды. 1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Астана қаласы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК маманы. 2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің бас маманы. 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы, бөлім бастығы. 2002-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Шаруашылық басқармасы» РМК директорының орынбасары. 2007-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК директоры.
2017 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.