4 тамыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 4 тамыз күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
None
None

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Бекболат Серікбекұлы ОРЫНБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Қазақ политехникалвық институтын (инженер-электрик) және Агротехникалық институтты (экономист-бухгалтер) бітірген.

1979 жылдан біраз жылдар бойы- №110 Қаратау кәсіптік-техникалық училищесінде оқытушы, өндіріс шебері, директордың орынбасары. 1992-1993 жылдары - «Қаратау» қауымдастығының бас директоры. 1994-1997 жылдары - «Бірлік» кәсіпорнының директоры. 1997-1998 жылдары - «Жамбылавтожол» коммуналдық кәсіпорнының жетекші маманы. 1999-2003 жылдары - Қаратау қаласы әкімінің орынбасары. 2003-2010 жылдары - Талас ауданы Қаратау қаласының әкімі. 2010 жылы - Сарысу ауданының әкімі. 2010-2013 жылдары - Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімі. 2013-2020 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың тамыз айынан бері.

54 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Талғат Амангелдіұлы МОМЫШЕВ дүниеге келді.

Көкшетау облысы Щучинск қаласында туған. Жамбыл гидромелиоративтік - құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика институтын бітірген.

Еңбек жолы: 1994-1997 жылдары – «Қарахан» БК Атқарушы директоры. 1997-1998 жылдары – Жамбыл стандарттау, метрология және сертификаттау орталығының бөлім бастығы, директордың орынбасары. 1998 жылы «Интержүйе» ЖШС президенті болды. 1998-1999 жылдары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.1999-2000 жылдары – Жамбыл облыстық Инвестициялар және Сыртқы экономикалық байланыс жөніндегі комитетінің төрағасы. 2000-2003 жылдары – «Метрология» РМК-ның Алматыдағы филиалының директоры. 2003-2005 жылдары – «Қазсертико» МҒПО РМК директорының бірінші орынбасары, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының бастығы. 01.2005-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (2010 жылдан бері Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары. 2010-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы. 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі аппаратының басшысы (01.2021-10.2021).

Қазіргі қызметінде 2021 жылғы қазаннан бастап.

47 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директоры Ербол Қанатұлы ОСПАНОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2004 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

2020 жылы Лондон Корольдік колледжінде (Ұлыбритания) Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтті. Еңбек жолы: 1998-1999 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің экономика басқармасының жетекші маманы. 1999 жылы Астана қаласы әкімдігінің экономика және шағын бизнесті дамыту департаментінің бас маманы болды. 1999-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Астана қаласы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК маманы. 2000-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің бас маманы. 2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы, бөлім бастығы. 2002-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Шаруашылық басқармасы» РМК директорының орынбасары. 2007-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК директоры.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдың ақпан айынан бастап.

46 жыл бұрын (1976) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марсұлы МАРС дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Батыс Қазақстан аграрлық университетін және Еуразия академиясын тәмамдаған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы. Еңбек жолы: 1997-2000 жж. - «Нар» АҚ вице-президенті. 2000-2010 жылдар аралығында АШМ Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында түрлі лауазымдарды атқарған. 2010-2011 жылдары — АШМ АӨК МИК фитосанитариялық қауіпсіздік, мемлекеттік техникалық инспекция және егіншіліктегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы. 2011 жылдан бастап АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2020 жылдың 14 қаңтарынан - ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.

44 жыл бұрын (1978) Қарағанды ​​облысы прокурорының бірінші орынбасары Виталий Николаевич ШАБЕР дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында дүниеге келген. 2000 жылы С.А.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Прокуратура органдарында қызметін 2002 жылы Шемонаиха ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған. Кейіннен прокурор, басқарманың аға прокуроры, облыс прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары, Өскемен қаласы прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 2010-2014 жылдары аралығында Риддер қаласының прокуратурасын басқарды. 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін Зырян ауданының прокуроры болып қызмет етті. Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары (2016-2019). Шығыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары (2019-2021).

Қазіргі қызметін 2021 жылдың сәуірінен бастап атқарып келеді.

36 жыл бұрын (1986) Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы НАРЫМБЕТОВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2012 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Еңбек жолы: 2007-2013 жылдары үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеді. 2013-2014 жылдары –Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас инспекторы, басшысы. 2014-2016 жылдары – Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы. 2016-2017 жылдары – БҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы, стратегиялық даму бөлімінің басшысы. 2017-2018 жылдары – БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы. 2018-2019 жылдары – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары. 2019-2021 жылдары – Орал қаласы әкімінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың наурыз айынан бастап.



Соңғы жаңалықтар
Референдум