4 және 5 маусым күндері «МУЗ-ТВ» сыйлығы концерттері кезінде Астанада кейбір көшелер ішінара жабылады

«4 маусымда «Астана-Арена» стадионының алдында кешкі сағат 19.00-ден 00.00-ге дейін қайырымдылық концерті өткізіледі, осыған орай аталған кезеңде Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарында, Керей-Жәнібек хандар көшелерінің аумағынан Хусейн Бен Талал көшесіне дейін көлік құралдарының қозғалысы шектелінбек. Орынбор көшесі бойымен айналып өтуге кеңес беріледі», - делінген хабарламада.
5 маусым күні «МУЗ ТВ» сыйлығын тапсыру салтанатын өткізу күнінде көлік құралдары қозғалысы сағат 17.00-ден 01.00-ге дейін Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарында, Керей-Жәнібек хандар көшелерінің аумағынан Хусейн Бен Талал көшелерінде ішінара шектеледі. «Астана-Арена» стадионына кіру билет арқылы жүзеге асады. Орынбор көшесі бойымен айналып өтуге кеңес беріледі.
Іс-шара орнына көрермендерді жинақтап жеткізу «Қазақстан» СК мен «Цирк» тұрақтарында, Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион мен «Нұр Астана» мешітінің тұрағында қала әкімдігімен берілген автобустармен жүзеге асырылады.
Соған байланысты, Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарын өз көліктерінен қоғамдық көліктердің үлесіне бас тартуларын сұрайды.
Қоғамдық тәртіпті қорғау мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен «МУЗТВ-2015.Гравитация» заманауи әндердің жыл сайынғы үздігін анықтау салтанатын өткізу кезінде 2,5 мың елордалық полиция қызметкерлері, Қазақстан ІІМ Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлері тартылатын болады.