4 желтоқсанда болатын маңызды оқиғалар анонсы
АСТАНА. KAZINFORM – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 4 желтоқсан күні болатын маңызды шаралардың анонсын ұсынады.

АСТАНА
10:00 - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы.
11:00 - ҚР Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған «Өлеңмен өрілген өмір» атты жыр кеші өтеді.
11:30 - ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-ның «Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз конференциясы өтеді.
14:00 - Достық үйінде «Жайлы Астана: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергия тиімділігі және жасыл құрылыс бойынша қоғамдық диалог» тақырыбында қоғамдық тыңдау басталады.
15:30 – ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ «Балалардың құқықтарын қорғау: жетістіктер, міндеттер және даму перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел.