40-қа жуық маңғыстаулық медицина қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облысының 38 медицина қызметкеріне мемлекеттік марапатқа ие болды.
None
None

Медицина саласының 5 маманына Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Құрмет грамотасы, 5 дәрігерге Алғыс хат табысталды. Аймақтың медицина қызметінің ардагері Гүлшат Қарабалина «Денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосқаны үшін» төсбелгісімен марапатталды.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін 5 медицина қызметкері иеленді.

Денсаулық саласының 8 қызметкеріне облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаты табысталды. Ал 7 адам Маңғыстау облысының әкімі А. Айдарбаевтың Алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ отандық денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосқаны үшін 7 медицина ардагері Н.И. Пирогов атындағы медальға ие болды.

Марапаттау шарасы мерекелік концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар